• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қылмыс Бүгін, 18:01

Шымкентте заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азамат 4 жылға сотталды

20 рет
көрсетілді

Кассациялық сот шешімімен Шымкент қаласының тұрғынына қатысты шартты жаза жойылып, мемлекет пайдасына миллиардтаған теңге өндірілді, деп жазады Egemen.kz.

Тергеу мәліметінше, айыпталушы мобильді қосымша арқылы қолжетімді покер клубы форматындағы онлайн-казино ұйымдастырған. Заңсыз қызмет нәтижесінде ол аса ірі мөлшерде кіріс тапқан.

20,9 млн теңге табыс: Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған Сарыағаш тұрғыны сотталды

Бірінші сатыдағы сот Қылмыстық кодекстің 63-бабын қолданып, бас бостандығынан айыру жазасын шартты түрде тағайындаған. Алайда заңсыз алынған қаражатты тәркілеу мәселесі шешілмей қалған.

Бас прокуратураның наразылығы негізінде іс қайта қаралып, кассациялық сот шартты жазаны жойып, 4 жыл мерзімге нақты бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі.

Мемлекет пайдасына онлайн-казинодан түскен 2,8 млрд теңге өндірілді.

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған экс-шенеунік Түркиядан экстрадицияланды

Соңғы жаңалықтар