АСТАНА. 22 мамыр. Шри-Ланкада толассыз жауған жаңбырдың соңы су тасқыны мен лай көшкініне ұласып, 82 адам қаза тапты. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Тосын табиғат апаты Аранейейк ауданына айтарлықтай шығын келтірді. Мәліметтер бойынша, бұл жерде 500 мың адам баспанасыз қалған. Қазір 200 мыңға жуық тұрғын уақытша үйлерге орналастырылды. Арнайы құрылған топ іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуде. Қирандылар астында 140-тан астам адам бар деген болжам жасалды.
Осыған дейін 76 адамның опат болғаны хабарланған. Дәрігерлер мен шұғыл қызмет көрсету орталықтары зардап шеккендерге барынша көмек көрсетіп жатыр. Алайда, ауа райының қолайсыздығы бұл жұмыстарын толық атқаруға кедергі жасауда.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: РИА «Новости».
• 22 Мамыр, 2016
Толассыз жауын Шри-Ланкада 82 жанның өмірін жұлып кетті

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Қоғам • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Қазақстан және Өзбекстан шекарасында көлік кептелісі пайда болды
Қазақстан • Кеше
Қорғаныс министрі соғыс құрбандарын еске алды
Қоғам • Кеше