ҚАРАҒАНДЫ. 23 мамыр. Қарағанды-Теміртау бағытында кетіп бара жатқан автобус ішіндегі бір жолаушы «автобусты жарам» деп жұрттың зәре-құтын алған. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Оқиға туралы кондукторынан хабардар болған полиция қызметкерлері 47 жолаушысы болған автобусты орта жолда тоқтатып, тексеру жүргізді. Тексеру барысында ешқандай да жарылғыш зат табылмады. Ал елдің зәресін ұшырып, тәртіп сақшыларын әбігерге салған 38 жастағы ер адам мас болып шықты. Ол өзінің бұл әрекетке не үшін барғанын жарытып түсіндіре де алмаған.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Оның үстінен лаңкестік акт туралы жалған хабарлама жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек: Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Фото: lezgi-yar.ru.
• 23 Мамыр, 2016
Қарағандыда автобусты жармақшы болған мас адам қамауға алынды

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Қоғам • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Қазақстан және Өзбекстан шекарасында көлік кептелісі пайда болды
Қазақстан • Кеше
Қорғаныс министрі соғыс құрбандарын еске алды
Қоғам • Кеше