Англия баспасынан жарық көрмек
Биыл күзде Британияның «Hertfordshire Press» баспа үйінен Астана қаласының 11 жасар тұрғыны Маидэ Ақанның кітабы шығады.
Бұлдіршін қыздың кітабы «Aysu and a magic bag» («Айсу мен сиқырлы сөмке») деп аталады. Онда Айсу деген қыз туралы баяндалады.
– Бұл кітапта Айсу мен табиғатты қорғайтын ғажайып құс туралы жаздым. Менің кейіпкерім ешқандай баладан ерекшеленбейді. Ол – табиғатты жақсы көретін қыз. Бір күні құрбыларымен ойнап жүргенде, ол ғажайып құсты кездестіреді. Құс адамның тілін біледі екен. Сол құс оған табиғатты қорғау туралы әңгімелер айтып қызықтырады. Содан кейін Айсудың қызықты хикаялары басталады. Ол құспен бірге экологияның тазалығы мен қоршаған ортаны қорғау үшін бәрін жасайды, – дейді кітаптың авторы.
Қазір Маидэнің кітабына қызығушылар көбейіп жатыр. Енді осы жылы кітап жарыққа шықса, қолдан-қолға кететін түрі бар, дейді ағылшын баспасының мамандары. Британияда қазақ қызының еңбегіне осындай баға беріліп жатса, жас жазушыға тілектес болып, тек қуану керек. Маидэ сонымен бірге, сурет салады, эко-дизайнмен айналысады. Оның AYBAG деп аталатын эко бренді бар. Бұл компания ересектер мен балаларға арналған экологиялық сөмкелер тігеді. Сөмкенің бетінде өзі салған суреттер бейнеленген. Ал кітаптың тұсаукесері «V Open Eurasia and Central Asia Book Forum & Literature Forum» халықаралық әдеби фестивалінде өтеді деп жоспарланып отыр.
Кітап 1000 данамен шығады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан»

Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30
LRT көлік картасына өтінім беру қашан басталады?
Елорда • Бүгін, 15:29
Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:15
Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12