Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаты Қуаныш Айтаханов Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдады. Онда ел тұрғындарының біраз бөлігі үшін аса көкейкесті болып табылатын тұрғын үй мәселесі көтеріліп, былай делінеді:
«Елімізде тұрғын үй мәселесін шешудің ең тиімді жолы – жекеменшік тұрғын үй құрылысы. Алайда, Жер кодексіндегі республика азаматтарының жеке үй құрылысын жүргізу үшін жер телімін алуға құқы бар деген заң талабы, үй салуға жер телімі инфрақұрылымы бар жерлерден беріледі деген нормаға байланысты, орындалмай келеді.
Ал жеке үй құрылысы инфрақұрылымына қаржы өте аз бөлінеді, кейбір өңірлерде мүлде бөлінбейді. Салдарынан жеке тұрғын үй салу үшін жер телімін алу кезегі соңғы 10 жылда 14 есеге өсіп, 1,4 млн. адамды құрады. Бұл тұрғындар арасында наразылық тудыруда. Жер реформасына байланысты келіп жатқан ұсыныс-сұрақтардың 75%-ы осы мәселеге арналған. Жастар үйленіп жеке үй болып шыққысы келеді, бірақ баспана жоқ. Жеке үй салып алайын десе, жер телімі жоқ. Мемлекеттің барлық азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуі мүмкін емес екені белгілі. Үкімет жеке азаматтардың әлеуетін пайдаланып, жеке тұрғын үй салуда барынша қолдау көрсету керек. Азаматтарға үй салуға жер телімі берілсе, олар өз қаржыларымен үй салып алады. Мемлекеттің үнемделген қаржысын жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларына қолжетімді тұрғын үйлер салуға жұмсауға болады. Баспана мәселесі тездеп шешіледі, екі жаққа да тиімді.
Сондықтан Үкімет жеке тұрғын үй салуды жеделдету үшін жер телімдерін беру мәселесін шешіп, жеке үй салушыларға мемлекеттік қолдау көрсетуді, арзан, ұзақ мерзімді несие, инфрақұрылым салу, құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету, т.б. мәселелерді қарастыратын арнайы «Жекеменшік үй құрылысын жүргізу туралы» заң жобасын әзірлеп, Парламентке енгізуі керек деп есептеймін.
Баспана мәселесі демографияға, ел тәуелсіздігіне тікелей әсер ететін өте үлкен маңызды әлеуметтік мәселе екенін естен шығармауымыз керек».

8 миллион теңгеге қандай жаңа көліктер алуға болады?
Қоғам • Бүгін, 23:00
Төлем нарығындағы өсім: 1 млрд-тан астам транзакция өңделді
Банк • Бүгін, 22:30
Қытайдан әкелінген көліктерді жүргізу шарттары қандай?
Логистика • Бүгін, 22:05
Бауыржан Әли қарсыласын 57 секундта құлатты
Бокс • Бүгін, 21:45
Ормұз бұғазы ашылды: Иран маңызды теңіз жолын қайта іске қосты
Әлем • Бүгін, 21:30
Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді
Ипотека • Бүгін, 21:00
Алматыда су үстіндегі бақ пен EXPO орталығы салынады
Алматы • Бүгін, 20:30
Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты
Президент • Бүгін, 20:05
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскер • Бүгін, 19:55
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қоғам • Бүгін, 19:45
Алматыда хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған ер адамға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 19:20
Анталия дипломатиялық форумы: Қазақстанның халықаралық рөлі қандай?
Форум • Бүгін, 19:06
Жетісуда полицейлер көлік өртін сөндіріп, адамдарды құтқарды
Оқиға • Бүгін, 19:00
«Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығы ашылды
Ғылым • Бүгін, 18:40
Таеквондошылар төртінші жүлдеге қол жеткізді
Спорт • Бүгін, 18:05