Абай музейінен басталады
Өмірдің қай «маусымының» болсын өз қызығы мен қуанышы жетерлік. Дегенмен... табиғат тамылжи бүр жарып, тіршілік иесі жаһанға «мен келдім» деп жар салатын көктемге тең келер не бар?! Ержеткен екі жүректің қуана табысып, екі жастың өмір жолына қол ұстасып, бірге аттанатын шағы қандай ғажайып!
Жас жұбайлардың тілекшісі, әлбетте, әрқашан көп. Ал сол екі жас туған отбасында алған өнеге жолымен үлгі көрсетіп, киелі орындарға тағзым етіп жатса, тіпті, нұр үстіне нұр емес пе?!
Абай музейінің шырақшылары сондай бір тағылымды өнегенің куәсі болды. Тағдырларын қоcқан екі жас Ернар Зұппарұлы Смағұлов пен Маржан Ерманқызы Мұқанова некелерін қия салысымен Семейдегі Абай музейіне асыққан. Ернар болашақ заңгер, Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің студенті, ал Маржан технолог мамандығын Шәкәрім атындағы заң университетінде меңгеруде.
Жас жұбайлар Абай шаңырағында естелік үшін суретке түсті, оларға музей әкімшілігі атынан ескерткіш сыйлықтар тапсырылды.
Абай музейінің ұжымы Ернар мен Маржанның осы бір тамаша бастамаларының одан әрі жалғасын тауып, алғашқы қадамдарын киелі Абай шаңырағынан бастайтын жас отау иелерінің қатары көбейе түсерінен үмітті. Оларды музей ұжымы қашанда қуана қарсы алып, тегін қызмет көрсетуді борыш санайды. Абай арманы – Тәуелсіздігіміздің баянды болуы да ұлы ақын айтатын «кеудесі сәулелі» жастардың арқасы, ел болашағы да соларға тәуелді.
Мемлекеттік Абай музейінің ұжымы өз өмір жолдарын Абай аталарының шаңырағына келіп, Ұлы Дала елінің ұлы ақынына тағзым жасаудан бастаған Ернар мен Маржанға «Қадамдарың құтты болсын, отауларың бақытқа толсын!» деген тілек айтты.
«Егемен-ақпарат»

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентін салтанатты түрде қарсы алды
Қазақстан • Бүгін, 12:00
Үндістандағы табиғи апат: Жойқын дауылдан 89 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 11:59
«Қадірлі бауырым»: Тоқаев Түркия Президентімен кездесуінен фото жариялады
Президент • Бүгін, 11:43
Ел тұрғындарының алкогольге жұмсайтын шығыны 15,2 пайызға азайды
Қоғам • Бүгін, 11:35
Алакөл шомылу маусымына дайын: Жағалауды енді дрондар бақылайды
Аймақтар • Бүгін, 11:25
«30 минуттық қуат»: BYD көліктерінің иелері неге дабыл қақты?
Қоғам • Бүгін, 11:10
Трамп пен Си Цзиньпин Пекинде кездесті
Әлем • Бүгін, 10:22
Оралда полиция қызметкері қыз зорлады деген күдікпен ұсталды
Оқиға • Бүгін, 10:07
Қоғам белсендісі Санжар Боқаевты қамау мерзімі ұзартылды
Қоғам • Бүгін, 09:59
Қазақтың қымызы Нью-Йоркте алтын жүлде жеңіп алды
Өнім • Бүгін, 09:53
Қазақстанда 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 09:48
Пікір • Бүгін, 09:45
Пікір • Бүгін, 09:40
Білім • Бүгін, 09:35
Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару табылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:27