Ішкі ағзалардың, соның ішінде бауыр мен бүйректің жұмысын жақсартуда қарбыздың пайдасы мол екенін медик-ғалымдар баяғыда пайымдап қойған.
Алайда, абайламаса болмайды екен. Орал қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы арнайы акция шеңберінде тексеру жүргізген кезде жабайы түрде сатылып жатқан қарбыздың құрамындағы нитрат қалыпты мөлшерден 3-4 есеге артық екені анықталды. Бұл ағзаға өте зиянды екені белгілі. Тұтастай алғанда облыс орталығында қауын-қарбыз сататын 34 арнайы орын белгіленген. Бір өкініштісі, бұларға көкөніс құрамына байланысты тексерулер жүргізілмей тұр. Мұндағы басты себеп – зертхананың жетіспеуі. Мұндай тұрақты зертхана орталық «Мирлан» базарында ғана бар екен. Алайда бұл құрылым тек өздерінде сатылатын өнімдерді ғана тексеруден өткізеді.
Орал қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Мүсілім Жәрдемовтің мәлімдеуінше арнайы белгіленбеген орындардағы қауын-қарбыз саудасына байланысты 360 хаттама толтырылып, жарты миллион теңге айыппұл салынған. Әйтсе де мұндай орынардағы көкөніс саудасы тыйылатын түрі байқалмайды. Ендеше бұл мәселені реттеудің өзге жолдарын қарастыру күн тәртібінде тұр демекпіз.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»
ОРАЛ

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Қоғам • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Қазақстан және Өзбекстан шекарасында көлік кептелісі пайда болды
Қазақстан • Кеше
Қорғаныс министрі соғыс құрбандарын еске алды
Қоғам • Кеше