Фото: ria.ru[/caption]
Ирак астанасы Бағдадта тағы да жарылыс болды. Қаланың солтүстігіндегі блок-бекетте жанкештінің әрекетінен он адам қаза тапты.
Оқиға бүгін, 24 шілдеде таңертеңгісін Аль-Кадимейн ауданында орын алды. Салдарынан 2 полиция қызметкері мен 8 бейбіт тұрғын қаза тапты. Жергілікті полиция бөлімшесі мен дәрігерлер 20 адамның түрлі деңгейде жарақат алғанын мәлімдеді.
Қазіргі таңда мемлекеттің белгілі бір бөлігі терроршылардың бақылауында. Осыған байланысты содырлар жиі лаңкестік шабуылдар жасап тұрады. Ирак қарулы күштері мен федералды полициясы халықаралық коалиция мен ерікті жасақшылардың көмегімен соңғы бірнеше ай ішінде Анбар провинциясында бірнеше елді мекенді экстремистік ұйымдардан азат еткен болатын. Олардың арасында Әр-Рутбаның әкімшілік орталығы Рамади мен содырлардың негізгі шоғырланған жері Әл-Фаллуджа қалалары бар.
Мұндай қақтығыстардан көбіне бейбіт тұрғындар зардап шегіп жатыр. Осы айдың басында мемлекет астанасында «Ирак пен Левант» лаңкестік ұйымының шабуылынан 200-ге жуық бейбіт тұрғын қаза тауып, жүзден астамы жарақат алған. Билік осы себепті үш күндік аза тұту жариялаған болатын.
Аян ӘБДУӘЛИ

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:53
Қазақстанның екі дзюдошысы Grand Slam турнирінің жартылай финалына шықты
Спорт • Бүгін, 17:22
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Қоғам • Бүгін, 16:40
Әскери дипломаттар Қытайда қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті
Қоғам • Бүгін, 16:32
Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:40
Қазақстан және Өзбекстан шекарасында көлік кептелісі пайда болды
Қазақстан • Бүгін, 15:10
Президент Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты
Президент • Бүгін, 14:50
Мәскеуде Жеңістің 81 жылдығына арналған әскери парад басталды
Әлем • Бүгін, 14:31
Қорғаныс министрі соғыс құрбандарын еске алды
Қоғам • Бүгін, 14:03
Жоғарғы Сот төрағасы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Тағзым • Бүгін, 13:53
Мәулен Әшімбаев майданда қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды
Тағзым • Бүгін, 13:40
Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Қазақстан • Бүгін, 13:37
Франция елшілігі қазақ жауынгерлерінің рухына құрмет көрсетті
Қоғам • Бүгін, 13:07
Астанада құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған 5 адамды шығарып алды
Елорда • Бүгін, 12:28
Елена Рыбакина WTA 1000 турниріндегі алғашқы матчты сәтті бастады
Спорт • Бүгін, 12:04