Бейбіт Хадисұлы аудан орталығы Аққулыда тұрады. Аяқ киімдер тігетін кәсібін шағын ғана цех-бөлмесінен бастады. Көз – қорқақ, қол – батыр. Қазір «Рымхан Күнтуған» атты жеке кәсіпкерлік шаруасы біртіндеп жолға түсіп келеді. Енді кәдімгі кроссовкалар шығармақшы. Биыл 40 жұп аяқ киім тігіпті. Қажетті бұйымдарды Ресейден әкеледі. Кроссовкалар ұзақ мерзімге шыдайды, экологиялық таза материалдан жасалған. Бағасы – 10 мың теңге. Кәсібін кеңейте түсу үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 700 мың теңге көлемінде несие алуға өтініш беріпті. Жамбыл облысының былғары зауытымен шикізат алу бойынша келісімшарт жасамақшы. Баян-Өлгей аймағында туып-өскен Бейбіт 1992 жылы екі ел арасындағы еңбек шартымен алғашқылардың бірі болып елге жетті. Бесқарағайда қой баға жүріп, мал терісін илеп, іске асыруды ойлайды. Алдымен «унты» аяқ киімін тігіп көреді. Кәсібі жандана бастаған соң, заманға сай талпыныс жасап, Қытай, Омбы, Семей барды. Елімізде қабылданған «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы қабылданған кезде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры бөлімшесінде оқыды. Арнайы грант ұтып алды, сертификат берілді. Семейден етік тігуге қажетті бұйымдар, тері илеуге қажетті өнімдер, Омбыдан аяқ киім табандарын алдырды. Қытайдан іс мәшіңкелерін, арнайы қалыптар, жіптер жеткізді.
Иә, Бейбіттің шағын ғана аяқ киім тігу цехы ауылдың бір өндіріс орны іспетті. Өйткені, бұл жерде кәсіпкер өнім жасап шығаруда, ауылдықтар сұранысын өтеуде.
– Жылқы терісінен тігілген аяқ киімнің ерекшелігі кеуіп қалмайды. Табан жылы жүреді, денсаулыққа пайдалы. Бағасы 5-7 мыңның айналасында. Ұлттық өрнекті аяқ киімдер тігу де ойымда бар. Отандық өнім, отандық зат, бәрінен бұрын «Ауылда жасалған» деген белгімен аяқ киімі шығару бір бақыт, – дейді кәсіпкер жігіт.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар облысы,
Лебяжі ауданы

Қызылордада өндірістік бағытта қарасора өсіріледі
Оқиға • Бүгін, 14:00
Киіктер жаппай қырылып жатыр: Министрлік мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 13:32
Араб инвесторы Маңғыстауда мұнай өңдеу зауытын салуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 13:22
Су тапшылығы қаупі: Оңтүстік өңірлерде су пайдалану лимиттері қысқарды
Шаруашылық • Бүгін, 13:17
Елімізде егіс науқанын бақылайтын ЖИ-платформа іске қосылады
Технология • Бүгін, 12:47
Келешек мектебінде ерекше стартап жоба іске қосылды
Білім • Бүгін, 12:43
Қаламгер Есболат Айдабосын «Меценат» байқауының жеңімпазы атанды
Қоғам • Бүгін, 12:37
Ұлттық банк электронды ақшаға қатысты өзгеріс енгізді
Қоғам • Бүгін, 12:28
Алматы маңында мектеп оқушысы мұғалімге қол көтерді
Оқиға • Бүгін, 12:19
Диқандар биыл дизельді қанша теңгеге сатып алады?
Шаруашылық • Бүгін, 12:02
Астанада LRT осы аптада іске қосылады
Оқиға • Бүгін, 11:50
Елімізде қандай мамандар тапшы?
Еңбек • Бүгін, 11:42
Әлем • Бүгін, 11:27
Қазақстанда жан басына шаққандағы ІЖӨ 17 мың доллардан асты
Экономика • Бүгін, 11:13