Ел тәуелсіздігің 25 жылдығына орай, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» атты мерекелік іс-шара Есіл өзенінің жағалауында өтті. «Қарты бар елдің қазынасы бар» деген ұлағатты сөзді ұлықтай білген қазақ жұрты қашанда ақжаулықты аналарымыз бен ақсақалды қарияларымызды аялай, ардақтай білген. Шараға Астана қаласында тұратын 60-қа жуық еңбек ардагері қатысты. Іс-шара елі үшін еңбек етіп, тер төккен ардақтыларға көтеріңкі көңіл күй ғана сыйлап қоймай, әр адамның бойында ұлттық патриотизмді ояту, жас ұрпақтың аға буын өкілдеріне құрметпен қарауын қалыптастыруға бағытталып отыр. Игілікті істі ұйымдастырып отырған «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Бақдәулет Жанділдаев: «Біздің ұйым – қаламыздың қарттарына үнемі көмек көрсетіп, әрбір мереке күндері концерттер ұйымдастыруды жақсы дәстүрге айналдырғанын айта кетсек деймін. Бүгін міне, қала көркін ата-аналарымыз тамашаласын деп кемемен серуендеуді ұйымдастырып отырмыз. Бұл кішінің үлкенге деген құрметі деп ойлаймыз. Екі аптадан кейін қарттар үйінде тұрып жатқан көңілі жарым қарияларды серуенге алып шықсақ деген ниеттеміз», – деді.
Еңбек ардагері Мейрам Шағалтаевты әңгімеге тартқанымызда ол: – Қасиетті тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құтты болсын, қарақтарым! Есіл өзеніндегі серуендеу көңілімізді көкке көтерді. Жастарымыз өсіп өркендей берсін, еліміз аман, жұртымыз тыныш, бейбіт күнде берекелі өмір сүре берейік! – деп, жасотандықтарға алғыс айтты. Қарттарды қадір тұтатын мұндай мерекелерді жыл сайын өткізіп тұру жөніндегі бастама кімге де болса үлгі. Өзге өңірлер бұл үрдісті жалғастырса, нұр үстіне нұр.
Айман МҰҚЫШЕВА

Қызылордада өндірістік бағытта қарасора өсіріледі
Оқиға • Бүгін, 14:00
Киіктер жаппай қырылып жатыр: Министрлік мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 13:32
Араб инвесторы Маңғыстауда мұнай өңдеу зауытын салуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 13:22
Су тапшылығы қаупі: Оңтүстік өңірлерде су пайдалану лимиттері қысқарды
Шаруашылық • Бүгін, 13:17
Елімізде егіс науқанын бақылайтын ЖИ-платформа іске қосылады
Технология • Бүгін, 12:47
Келешек мектебінде ерекше стартап жоба іске қосылды
Білім • Бүгін, 12:43
Қаламгер Есболат Айдабосын «Меценат» байқауының жеңімпазы атанды
Қоғам • Бүгін, 12:37
Ұлттық банк электронды ақшаға қатысты өзгеріс енгізді
Қоғам • Бүгін, 12:28
Алматы маңында мектеп оқушысы мұғалімге қол көтерді
Оқиға • Бүгін, 12:19
Диқандар биыл дизельді қанша теңгеге сатып алады?
Шаруашылық • Бүгін, 12:02
Астанада LRT осы аптада іске қосылады
Оқиға • Бүгін, 11:50
Елімізде қандай мамандар тапшы?
Еңбек • Бүгін, 11:42
Әлем • Бүгін, 11:27
Қазақстанда жан басына шаққандағы ІЖӨ 17 мың доллардан асты
Экономика • Бүгін, 11:13