Көрікті Бурабай төріндегі «Звездный» балаларды сауықтыру орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Жас геологтардың IV қазақстандық ашық дала олимпиадасы басталды. Байқауға 8-9-10 сынып оқушыларынан тұратын жас геологтардың 21 командасы қатысуда. Маңызды шараға еліміздің барлық өңірлерінен және Ресей, Өзбекстан, Қырғызстаннан да өкілдер шақырылған.
Халықаралық олимпиада қатысушыларын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев, Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті, «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ басшылары құттықтап, жарыс байрағын биік ұстауға тілектестігін білдірді.
Жас геологтар олимпиадасының негізгі мақсаттары мен міндеттері – геологияны ғылым ретінде және оның қолданбалы мәнін көпшілікке танымал ету, жастарға кәсіби бағдар беру, оқушылардың геология ғылымын зерделеуге ықыласын ояту, дарынды балаларды анықтау, әрі оларға қолдау көрсету болып табылады.
Олимпиада бағдарламасына сәйкес, жас геологтар әртүрлі геология пәндері бойынша, атап айтқанда, палеонтология, гидрология, радиометрия, минералогия мен петрография, пайдалы қазбалар геологиясы және басқа бағыттарда білімдерін сарапқа салуда. Бұдан басқа, көптеген мәдени, спорттық іс-шаралар, көркемөнерпаздар, жас суретшілер байқауы мен фотоконкурстар тартысты өтіп жатыр.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы

Қаржы • Бүгін, 09:00
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Қоғам • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Қазақстан және Өзбекстан шекарасында көлік кептелісі пайда болды
Қазақстан • Кеше
Қорғаныс министрі соғыс құрбандарын еске алды
Қоғам • Кеше