24 Қыркүйек, 2016

Астанада Жамбыл облысының жәрмеңкесі өтіп жатыр (фото)

476 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
24-09-jarmenke-1 Астанада өтіп жатқан Жамбыл облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесінде таңқурай мен құрғақ жемістерге халықтың сұранысы жоғары болып тұр, деп хабарлайды Егемен-ақпарат. Жәрмеңкеде сатылып жатқан ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы мынандай: жылқы етінің килосы – 1250, жая – 1400, қазы – 1500 теңге. Сондай-ақ жылан балық, сазан, жайын сияқты балықтардың килосы 500 теңгеден сатылуда. Тауық етінің килосы – 550, ал 10 тал жұмыртқа – 200 теңге. Картоп пен бұрыштың килосы – 60, алма – 150, қауын – 60 теңге. Қымыздың литрі – 400, ал бал 1800 бен 2000 теңге аралығында саудаланып жатыр. Жәрмеңкеге отбасымен келген Серік Мұратәлиев есімді қала тұрғыны кейбір тауарлардың бағасы қала басшылары келіп кеткеннен кейін көтерілгенін айтады. «Еттің бағасы арзан екенін көріп отырмын. Мысалы, жылқы еті базардағыдан 300 теңгеге арзан. Картоп пен бұрыштың бағасы қала әкімі жүрген кезде 40 теңге еді, ал қазір 60 теңге болып кеткен. Таңқурай бір-ақ жерде сатылып жатыр, оны алу үшін адамдар ұзақ кезекте тұр. Менің кезегім жеткенше ол 50 теңгеге қымбаттап кетіпті», – дейді қала тұрғыны. Таңқурай жәрмеңкенің сыртында да сатылып жатыр. Бірақ сатушылар оның Бішкектен әкелінгенін айтады. Бұдан бөлек, Жамбыл облыстық филармониясы және «Алатау» ансамблі сияқты өнер ұжымдары жәрмеңкеге келген жұртқа әсем ән мен тәтті күй тарту етті. Егемен-ақпарат 24-09-jarmenke-2

24-09-jarmenke-3

24-09-jarmenke-5