Елордада ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай, «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» акциясының аясында Павлодар облысының күндері өтіп жатқаны белгілі. Бүгін «Хан Шатыр» СОО алдындағы алаңда павлодарлық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің жәрмеңкесі басталды, деп хабарлады «Егемен Қазақстан» тілшісі.
Екі күнге созылатын жәрмеңкеге облыстан 200 млн теңгенің 700 тоннадан астам тауары жеткізіліпті. Оның 90 тоннадан астамы ет пен ет өнімдері, 300 тоннасы картоп, 140 тоннасы көкөніс, 150 тоннасы басқа да азық-түліктер.
– Облыстың барлық өңірінен 100-ден астам кәсіпорын мен ауылшаруашылық құрылымы жалпы сомасы 200 млн теңгеден астам өнім әкеліп отыр. Біздің кәсіпорындардың өнімдері Астанада сұранысқа ие деген сенімдеміз. Әсіресе, Павлодарда шығатын ет пен сүт өнімдері. Жәрмеңкеде елордалықтарға қолайлы бағамен азық-түлік өнімдерінің кеңейтілген ассортименті ұсынылуда, – деді облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Қасенов.
Арнұр АСҚАРОВ
• 24 Қыркүйек, 2016
Павлодарлықтар да Астанаға азық-түлік өнімдерін әкелді

Қаржы • Бүгін, 09:00
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Қоғам • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Қазақстан және Өзбекстан шекарасында көлік кептелісі пайда болды
Қазақстан • Кеше
Қорғаныс министрі соғыс құрбандарын еске алды
Қоғам • Кеше