27 Қыркүйек, 2016

«Алтын Орда» жанындағы жолдың қашан кеңейетіні белгілі болды

272 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
altyn Алматыдағы «Алтын Орда» базарының жанындағы жолды кеңейту жұмыстары 2017 жылдың маусым айында басталады. Оған дейін жол бойындағы 25 сауда нүктесі алынып тасталады. Қазір «Барлық» базарындағы сауда орындарын бұзу жұмыстары басталып кетті. Бұл туралы Алматы қалалық Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исақовқа сілтеме жасаған Tengrinews.kz хабарлады. Оның айтуына қарағанда, бұл мәселе 15 қыркүйек күні вице-премьер Асқар Маминнің қатысуымен талқыланған. Отырыста Алматы-Бішкек трассасының «Алтын Орда» жанындағы бөлігін жаңартудың жобасын дайындау және шығынын есептеу тапсырылған. Енді жолдың қай бөлігі қайта жасалады және қалай өзгереді деген мәселе туралы.  
  • Қазіргі есеп бойынша ұзындығы 3,5 километр жол кеңейтіледі.
  • Ол – Қалқаман шағын ауданы тұсындағы кері айналу үзігі мен «Асыл Арман» тұрғын үй кешені аралығы.
  • Жол 10 жолақты (10 көлік сиятындай) – әр бағытта бес-бес жолақты болып салынады. Оның үш жолағы – транзиттік, яғни тура өтетін көліктерге арналады. Бір жолағы ары-бері бұрылатын сол маңайдың көліктері үшін болса, тағы бір жолақ қоғамдық көлікке арнап салынады. Бұл жолақ «барахолка» маңындағы сияқты басқа көліктер кіре алмайтындай етіп бөлінеді.
  • Жолдың бұл бөлігінде үш жерден кері айналу үзігі қалдырылады. Олардың біреуі Қалқаманның тұсында, екеуі «Асыл Арман» жақта болады.
  • «Алтын Орда» базары сол орнында қалады.
  • Жолды жаңарту жұмыстары 2017 жылдың маусымында басталады.
  • Жасалып болғаннан кейін жаңартылған жол бөлігі Алматы қаласының қарамағына өтеді.
  • Келесі жылғы республикалық бюджеттен жолды жаңартудың жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауға 150 миллион теңге бөлу қарастырылған.
  • «Алтын Орда» жанындағы 3,5 километрлік жолды кеңейтуге барлығы 10 миллиард теңге қажет.
  Егемен-ақпарат