Қазақстан Үкіметінің басшысы Бақытжан Сағынтаев өзінің орынбасарларына кәсіпкерлікті қолдау мәселесін бақылауға алуды тапсырды деп хабарлайды prime-minister.kz. Отырыста мемлекеттің және бизнестің сындарлы жұмысының арқасында әкімшілік кедергілер мен рұқсат беру үдерістері мәселелері енді көтерілмейтіні айтылды. Қазір бірінші кезекке отандық тауар өндірушілерді қолдау, салықтық әкімшілендіру және қаржы көздерінің қолжетімділігі мәселелері шығады.
Осыған байланысты Премьер-Министр бірқатар тапсырмалар берді.
«Салықтар, несиелеу бойынша көптеген сұрақтар бар. Өткен аптада біз «Атамекен» басқармасымен, екінші деңгейлі банктермен кездестік, бәрінде несиелеу бойынша сұрақтар бар, барлығы бізде жұмыс жасап жатқан мемлекеттік бағдарламаларды қолдайды. Мемлекет қосымша ақша бөліп отыр, алайда «Агробизнес-2020» және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын қайта қарау міндеті тұр», – деген тапсырма берді Премьер-Министр өзінің орынбасарлары А. Мамин мен И. Тасмағамбетовке.
Премьер-Министр несиелеудің қолжетімділігі мәселесіне тоқталды. Ол Үкімет Ұлттық банкпен бірге несие ресурстарының қолжетімділігі мәселесін жақсарту бойынша шаралар әзірленіп жатқанын айтып өтті. Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігіне Ұлттық банкпен бірге «Бизнестің жол картасына-2020» өзгерістер енгізу мәселесін пысықтау қажет.
Аталған тапсырмалардың орындалу нәтижесін Б. Сағынтаев 10 күннен кейін тыңдайтын болады.
• 27 Қыркүйек, 2016
Премьер-министр кәсіпкерлікті қолдау мәселесін бақылауға алуды тапсырды

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:53
Қазақстанның екі дзюдошысы Grand Slam турнирінің жартылай финалына шықты
Спорт • Бүгін, 17:22
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Қоғам • Бүгін, 16:40
Әскери дипломаттар Қытайда қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті
Қоғам • Бүгін, 16:32
Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:40
Қазақстан және Өзбекстан шекарасында көлік кептелісі пайда болды
Қазақстан • Бүгін, 15:10
Президент Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты
Президент • Бүгін, 14:50
Мәскеуде Жеңістің 81 жылдығына арналған әскери парад басталды
Әлем • Бүгін, 14:31
Қорғаныс министрі соғыс құрбандарын еске алды
Қоғам • Бүгін, 14:03
Жоғарғы Сот төрағасы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Тағзым • Бүгін, 13:53
Мәулен Әшімбаев майданда қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды
Тағзым • Бүгін, 13:40
Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Қазақстан • Бүгін, 13:37
Франция елшілігі қазақ жауынгерлерінің рухына құрмет көрсетті
Қоғам • Бүгін, 13:07
Астанада құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған 5 адамды шығарып алды
Елорда • Бүгін, 12:28
Елена Рыбакина WTA 1000 турниріндегі алғашқы матчты сәтті бастады
Спорт • Бүгін, 12:04