Алматыда «Алтын қалам» әдеби байқауын өткізушілер алқасы мен «Аруна» баспасының ұйымдастыруымен балаларға арналған «Шимай-Шатпақ» атты кітаптың тұсаукесері өтті.
– «Алтын қалам» байқауын өткізуге келіскен кезімізде бізде бір ғана мақсат болған еді: қазақ әдебиетінде жаңаша сипаттағы шығармалардың жазылуына, жарық көруіне үлесімізді қосу. Байқау бұған дейін бірнеше мәрте қорытындыланып, жыл сайын жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтіп тұрды. Соңғы кезеңде жүлдегерлердің шығармаларын жеке кітап етіп бастыру жайын қарастырдық. Бізге алғашқы болып «Аруна» баспасы қолұшын созды. Нәтижесінде балалар әдебиетіне «Шимай-Шатпақ» келді, – деді «Кітап қалашығы» дүкенінде өткен рәсімде «Алтын қалам» байқауын ұйымдастырушылар атынан сөз алған журналист Кенже Жұманұлы.
Шимай - Шатпақ – шыт жаңа күлкілі кейіпкер. Мұндай кейіпкерлерді шетел әдебиетінде комикс ретінде қабылдау дәстүрі бұрыннан бар. Ал кітап авторы ұзақ жылдар бойы Алматыдағы Сапарғали Бегалин атындағы балалар кітапханасында еңбек еткен Тұмар Мөкештегі ханым. «Алтын қалам» байқауының былтырғы жылғы жүлдесін алған шығармада қазіргі жасөспірім оқушылар бойындағы жақсылы-жаманды әдеттер мен олардан бойын аулақ салуға шақыратын сәтті иірімдер суреттелген.
Бұл – кітапханашы-жазушының баспа бетін көріп отырған тырнақалды туындысы. Автор алдағы уақытта «Шимай - Шатпақтың» жалғасын жазуға ниетті. Аютас
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

14 мамырда бірқатар өңірлерде ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Депутат: Солтүстік Аралды сақтау жобасын жеделдету қажет
Экология • Кеше
Ағза алмастыруға мұқтаждар саны артқан
Қоғам • Кеше
Шахмат • Кеше
Мемлекет басшысы Түркия Президентін қарсы алды
Президент • Кеше
Қазақстанда инфляция қарқыны баяулады
Инфляция • Кеше
Теңгенің нығаюына қандай факторлар әсер етті?
Қаржы • Кеше
Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Қазақстан • Кеше
Ясауи іліміндегі рухани еркіндік
Таным • Кеше