Қарт Ұлытау төрінде орналасқан, пәк жүректі бүлдіршіндердің балалық шақтарының куәсі – «Айгөлек» балабақшасына міне, биыл 11 жыл толып отыр.
Келешектің келісті болуы, келешек ұрпағымыздың ой-өрісін дамытып, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу жолында балабақшаның маңызы зор. Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Жезді кентінде коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Айгөлек» балабақшасы 2005 жылдың 1 маусымында «Балапан» бағдарламасы аясында құрылды. Жалпы, балабақшада бүлдіршіндер жас ерекшеліктеріне сай, топ-топпен қабылданып, жаңа мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының стандартына сай жұмыс істеп келеді. Балабақшаның алғашқы меңгерушісі Ботагөз Базылбекова «Айгөлек» балабақшасының негізін құрып, 8 жыл басқарды. 2013 жылдан бері жас та болса бас бола білген Динара Зейнелқабденқызы Сейтмағанбетова басқарып келеді. Сонымен қатар, осы 11 жыл ішінде «Айгөлек» балабақшасының жетістіктері де ауыз толтырып айтарлық. 2011 жылы мектеп жасына дейінгі облыстық «Сарыарқа дарындары» интеллектуалдық байқауында Н.Көлбай ағылшын тілі бойынша І дәрежелі дипломмен, 2012 жылы мектеп жасына дейінгі облыстық «Сарыарқа дарындары» интеллектуалдық байқауында А.Ермек математика бойынша ІV дәрежелі дипломмен, 2012 жылы «Маленькая страна» байқауында вокал номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен, 2013 жылы «Маленькая страна» байқауында би номинациясы бойынша «Айгөлек» бишілер тобы І дәрежелі дипломмен, 2013 жылы Алматы қаласында өткен «Күншуақ» конкурсында би номинациясы бойынша «Балауса» бишілер тобы І дәрежелі дипломмен, 2014 жылы Алматы қаласында өткен Республикалық телевизиялық «Ғұмырдария» байқауында би номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен, 2016 жылы «Ассоль» балаларды жан-жақты дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Маленькая страна» байқауында би номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталған. Балабақшадағы әрбір маман иесі өз ісіне тыңғылықты, жауапкершілікпен қарап, балалардың шығармашылықтарын дамытуда үлкен үлес қосып келеді.
Жақында Жезді кенті Мәдени-сауықтыру орталығында «Айгөлек» балабақшасының 11 жылдық мерейтойына арналған концерттік бағдарлама өтті. Жүргізушілер, осы балабақшаның түлектері Айдана, Асылхан, Назым халықпен амандасып, Жезді кенті әкімі Б.Нұрбалаев пен аудандық кәсіподақ төрағасы Ш.Үмбетовке құттықтау сөз кезегін берді. Құттықтау сөзден кейін балабақша түлектері мен қазіргі тәрбиеленушілері сахна төріне шығып «Айгөлек» флеш-моб биін билеп, одан әрі хор «Ақ көгершін», «Әрқашан күн сөнбесін» әндерін орындады. Мың бұралған биші түлектер «Қуыршақ», қазақ биі «Шашу», бүлдіршіндер үнді биі «Леча-леча» және басқа билерді тарту етті.
Кеш соңында Жезді кенті әкімі Б.Нұрбалаев пен мекеме басшысы Д.Сейтмағанбетова бір топ тәрбиешілерді Алғыс хатпен марапаттады.
Сөз соңында «Айгөлек» балабақшасы жарқырап, көркейіп, гүлдене берсін демекпіз!
Жаннұр АЙНАБЕКҚЫЗЫ
Қарағанды облысы,
Ұлытау ауданы,
Жезді кенті

Астанада бірнеше автобус аялдамасы уақытша жабылды
Елорда • Бүгін, 16:55
Жаңа саяси күш: «Әділет» партиясының басты ұстанымдары қандай?
Партия • Бүгін, 16:24
Димаштың жанкүйерлері шала туған сәбилерге көмек көрсетті
Оқиға • Бүгін, 15:50
Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30
Unitree роботы мен әскери шоу: Астанадағы мереке ерекше форматта өтті
Мереке • Бүгін, 15:05
5 миллион теңге: Қазақстан ардагерлерді қолдау бойынша көш бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:44
7 мамырдағы валюта бағамы белгілі болды
Теңге • Бүгін, 14:36
Жаңа Конституциядағы зайырлылық қағидаты
Ата заң • Бүгін, 14:25
Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15
Кең көлемді амнистия: ІІМ кімдерге жеңілдік болатынын түсіндірді
Қоғам • Бүгін, 13:45
Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды
Тағайындау • Бүгін, 13:19
«Sarbaz+»: Әскердің цифрлық бел-белесі
Айбын • Бүгін, 13:00
«Әділет» партиясы құрылтай съезі мүшелері ұйымның жарғысын бекітті
Партия • Бүгін, 12:49
«Әділет» партиясы Мемлекет басшысының реформаларын қолдайтынын мәлімдеді
Партия • Бүгін, 12:29
Дәурен Қосанов, Қорғаныс министрі: Отандық зымыран өндірісі қолға алынады
Сұхбат • Бүгін, 12:15