Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға әзірлік жұмыстары аясында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша кезекті отырыс өткізді. Жиынға Алматы қалалық әкімдігінің, «Алматы қаласының халықаралық спорттық жобалар дирекциясы» мемлекеттік қорының өкілдері, «Қазавиақұтқару» АҚ, өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының қызметкерлері қатысты.
Басқосу барысында Универсиада қарсаңында жұмылдырылатын күштер мен құралдардың әзірлігі жөнінде есептер берілді. Департамент қызметкерлері «Алматы Арена» және «Халық Арена» нысандарында жобалау және құрылыс-құрастыру жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігінің нормалары мен қағидаларын сақтауды қамтамасыз етуге әдістемелік көмек көрсету шараларын тағы бір пысықтап шықты. Осыған дейін Универсиада нысандарына 4 рет өрт-техникалық тексеруі жүргізілген.
Бүгінде салтанатты марш пен Универсиада алауын жағу тұжырымдамасы әзірленіп жатқандықтан, департамент пен «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс ғылыми-зерттеу институты» АҚ қызметкерлері бірлесіп, жылу ағынын барынша таратуға және алауды жағу кезінде өрт қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған іс-шараларды жүргізуде.
Қыркүйек айында «Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция» МҚ қауіпсіздік департаментінің ұсынысы жөніндегі департамент пен ҰҚК қызметкерлері бірлесіп, Универсиада нысандарының кезекшілігіне тартылған еріктілерге өрт қауіпсіздігі шаралары мен террористік қауіп туралы нұсқама жүргізген.
Ойындарды өткізу кезінде Алматы қаласы мен облысында төтенше жағдайлар комитетінің жеке құрамынан 457 адам, қалалық құтқару қызметінен 30 адам, 68 техника бірлігі мен 4 тікұшақ жұмылдырылады. Оған қоса, департаментте Универсиада қарсаңында біліктілікті арттыру курстары шеңберінде қызметкерлерді ағылшын тіліне оқыту жүріп жатыр.
Меліс СЕЙДАХМЕТОВ
АЛМАТЫ

IT Quest: Елімізде технологиялар мен ЖИ-ге арналған квест өтеді
Технология • Бүгін, 12:05
Қазақстанда бірыңғай QR-төлем жүйесі қашан іске қосылады?
Қоғам • Бүгін, 12:02
Түркістанда кортеж ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 11:56
Таиланд визасыз режимді неге 30 күнге дейін қысқартты?
Әлем • Бүгін, 11:35
Елімізде электронды кітапхананы пайдаланғандар саны 3,6 миллионнан асты
Кітапхана • Бүгін, 11:24
Чехия мен ОАР плей-офф жолдамасы үшін шешуші матч өткізеді
Футбол • Бүгін, 11:06
Балаларға ата-анасының тегі қатар берілуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:52
ҚазҰУ-да «Quantum AI» − кванттық компьютерлер зертханасы ашылды
Технология • Бүгін, 10:44
Алматы облысында 251 млн теңге субсидия жымқырғандарға сот үкімі шықты
Жемқорлық • Бүгін, 10:43
«Челсиге» ауысқан Дастан Сәтпаевтың орнын кім басады?
Футбол • Бүгін, 10:33
Гана Панама құрамасын соңғы минутта жеңіп кетті
Футбол • Бүгін, 10:28
АҚШ пен Иран меморандумға қол қойды
Әлем • Бүгін, 10:10
Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынында жеңіліп қалды
Футбол • Бүгін, 10:04
Англия құрамасы Хорватиядан басым түсті
Футбол • Бүгін, 10:00
Алматыда дәрігерлер карусельден құлаған 9 жастағы баланың өмірін аман алып қалды
Оқиға • Бүгін, 09:53