Кеше Алматы жұртшылығы әйгілі волейболшы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, профессор Жәнібекхан Сауранбаевты ақтық сапарға шығарып салды. Қазақ спортының көгіне 60-шы жылдардың басында келген даңқты спортшы жасы 77-ге қараған шағында өмірден өтті.
Жәнібекхан Нығметұлы Сауранбаев 1940 жылы 5 мамырда Алматыда туған. Ол 1961-1972 жылдары Алматының «Буревестнигі» сапында өнер көрсетіп, 1969 жылы КСРО чемпионы, 1968 және 1970 жылдары күміс, 1971 жылы қола жүлдегері болды. Ал 1967 жылы КСРО халықтары Спартакиадасы мен Одақ чемпионатының қола жүлдесін қатар алды. Бұған қоса, екі рет – 1970 және 1971 жылдары Еуропа чемпиондары Кубогына қол жеткізді. 1964 жылдан бес маусым бойы КСРО құрамасында ойнап, Еуропаның (1965) чемпионы және Әлем кубогының (1966) иегері атанды. 1961 жылы Универсиаданың чемпионы болды.
Ж.Сауранбаев 1972 жылы спорттық мансабын аяқтаған соң Кувейтте жаттықтырушы болып істеп, командасын осы елдің үш дүркін чемпионы атағына жеткізді. Ал Қазақстанның паралимпиялық құрамасын бірінші рет әлемдік аренаға шығарды.
Профессор Жәнібекхан Сауранбаев бұдан кейінгі саналы өмірінің 40 жылдан астам уақытын Алматы архитектура-құрылыс институты мен Қазақ ұлттық политехникалық институтында жас ұрпақ тәрбиелеуге арнады. Ол 1988 жылдан өмірінің соңына дейін институтта денешынықтыру кафедрасын басқарды.
Жәнібекхан Сауранбаевтың әкесі Нығмет Сауранбаев қазақтың филология саласындағы тұңғыш ғылым докторы еді. Сондай ұлағатты адамның ұрпағы спортта да өзінің өнегелі өмірін, іргелі іздерін қалдырды.
Жатқан жеріңіз жайлы болсын, қазақ спортының айтулы тұлғасы!
Егеменқазақстандықтар

Мессидің хет-тригі, Мбаппе мен Холанның дублі
Футбол • Бүгін, 09:08
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды
Байқау • Бүгін, 08:59
«Қала хикаялары» байқауы жарияланды
Байқау • Бүгін, 08:58
Көлсай – таңғажайып табиғат тартуы
Туризм • Бүгін, 08:55
Аймақтар • Бүгін, 08:53
Османлы сұлтанымен кездескен қазақ
Тарих • Бүгін, 08:50
Тілсіз жауға – тегеурінді тосқауыл
Аймақтар • Бүгін, 08:47
Өнер • Бүгін, 08:45
Өскеменде өнімдер көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 08:43
Шығанақ тарысы: Тарих пен тағылым
Зерде • Бүгін, 08:40
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Теңге • Бүгін, 08:37
Талғат Есенәлиев: Технология театрдың мүмкіндігін кеңейтеді
Сұхбат • Бүгін, 08:35
Туризм • Бүгін, 08:33
Тұлға • Бүгін, 08:30
Атырауда BMW көлігі бағанға соғылып, екі жолаушы зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 08:27