Жалпы, теннистен әлемдегі аса беделді командалық турнир – Дэвис Кубогы Еуропа мен Оңтүстік Американың сегіз қаласында болып өтті. Турнирдің дебютанттары – Қазақстан құрамасы, жоғарыда айтып кеткеніміздей, Остравада Чехия құрамасымен сынға түсті. Бір атап өтерлігі – үш жеңіске дейінгі бәсекелерден тұратын турнирге Чехияның екінші ракеткасы Радек Штепанек қатыса алмады. Өйткені, ол тұмау тиіп ауырғаннан кейін денсаулығын қалпына келтіріп үлгермеді. Есесіне танымал теннисші, Чехияның бірінші ракеткасы Томаш Бердых өзі үшін де, басқа үшін де жанталаса қимылдауға мәжбүр болды.
Р.Штепанек болмағандықтан, екінші нөмірге Ян Хайек шықты. Жұптасып өнер көрсетуде қазақстандық Евгений Королев пен Юрий Щукинге қарсы тәжірибелі Лукаш Длухи мен 17 жасар талантты теннисші, жасөспірімдер арасындағы Австралияның ашық біріншілігінің чемпионы Иржи Веселы шығуы тиіс еді...
Бірінші күні Қазақстанның бірінші ракеткасы Андрей Голубев Ян Хайекке қарсы ойнады. Бес сетке созылған жекпе-жекте қазақстандықтың мерейі үстем болды. Сөйтіп, алғашқы жеңіс Қазақстан құрамасын алға шығарды. Екінші кезекте Қазақстанның екінші ракеткасы Михаил Кукушкин әлемнің жетінші ракеткасы Томаш Бердыхқа қарсы ойнады. Бұл бәсеке де өте тартысты өтті. Нәтижесінде Чехия құрамасы есепті теңестіруге мүмкіндік алды.
Келесі күні кортқа жұптасып өнер көрсетушілер шықты. Алғашқы екі ойынның нәтижесі бойынша есеп тең болғандықтан, Чехия құрамасының капитаны кортқа жас дарын – Иржи Веселыды шығаруға тәуекелі жетпеді. Сөйтіп, Лукаш Длухимен жұптасып Томаш Бердых ойнады. Тартысты өткен бұл бәсекеде 3:1 есебімен чехтар жеңіске жетті.
Жекпе-жектердің үшінші күні, яғни 7 наурызда ойын тағдыры шешілуі тиіс болатын. Ширек финалға шығу үшін Чехия құрамасына бір жеңіс жеткілікті еді. Бірақ әлемнің 43-ші ракеткасы Андрей Голубев Чехияның чемпионы, әлемнің 7-ші ракеткасы Томаш Бердыхқа қарсы ойында жеңіске деген жігерлілік танытты. Сөйтіп, есеп теңесті – 2:2.
Енді Михаил Кукушкиннің иығына үлкен жауапкершілік жүктелді. Лукаш Длухимен кездесуде қай тарап жеңіске жетсе, сол бәсекелердің келесі кезеңіне өтетін. М.Кукушкин әлемнің 63-ші ракеткасы. Қарсыласы болса, 101-ші орында. Бір қарағанда, қазақстандықтың мысы басым секілді. Ал А.Голубевтің өзінен тәжірибесі де, беделі де, шеберлігі де әлдеқайда жоғары Т.Бердыхты тізе бүктіргенін ескерсек, ойын нәтижесін алдын ала болжау қиын болғаны түсінікті. Бірақ, жоғарыда атап көрсеткеніміздей, жеңіске деген жігер тәжірибе мен шеберлікті еңсеріп кеткені мәлім.
Сонымен, М.Кукушкин мен Л.Длухи арасындағы бәсеке де күткендегідей аса тартысты өтті. Төрт сет бойынша жеңімпаз анықталмады. Ал шешуші бесінші сетте қазақстандық үлкен төзімділік танытты. Нәтижесінде 6:0 есебімен айқын жеңді. Қазақстан Теннис федерациясы Чехияда оқитын студенттер мен Германия сияқты көрші елдерден жанкүйерлер ұйымдастырған болатын. Олардың және ресми делегациямыздың қуанышында шек болған жоқ. Көк байрағымызды жеңіске жеткен теннисшілеріміздің желбірете жүгіруі мерейімізді өсірді.
Жалпы, Қазақстан құрамасының бұған дейін Дэвис Кубогында өнер көрсетпегенін ескерсек, еліміз үшін әлемнің үздік сегіз құрамасының қатарына кіруі, сөз жоқ, үлкен табыс. Мәселен, 1/8 кездесулерінде кейбір танымал құрамалар жарысты жалғастыру мүмкіндіктерінен айырылып қалды. Солардың қатарында швед теннисшілеріне жол берген Ресей құрамасы да бар.
Енді 1/4 финалда Қазақстан құрамасы Аргентина құрамасымен шеберлік сынасатын болады. Кездесулердің Аргентинада немесе Қазақстанда өтетінін Бүкіләлемдік теннис федерациясы шешеді. Бұл айтулы жекпе-жектер Астанада өтетін болып шешілсе, жанкүйерлік танытатын қазақстандықтар қатары көп болатыны күмәнсіз.
«Егемен-ақпарат».

FlyArystan тегін қол жүгінің салмағын арттырады
Қоғам • Бүгін, 11:57
Жемқорлықпен күрес: Бюджетке 100 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:40
«Қорғас» кеден бекеті екі аптаға жабылады
Қоғам • Бүгін, 11:28
Алматыда гимнастикадан ел чемпиондары анықталды
Спорт • Бүгін, 11:17
Серік Сәпиев пен орынбасары қызметінен кетті
Қоғам • Бүгін, 11:07
Голан жоталарында Қазақстанның қанша бітімгері қызмет етеді?
Әскер • Бүгін, 10:57
Олимпиада-2026: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарады
Қоғам • Бүгін, 10:38
ЖИ жыл құстарын зерттеудің жаңа дәуірін ашты
Технология • Бүгін, 10:28
Сенсациялық нәтиже: Бибісара Асаубаева супертурнирде үздік бестікке енді
Спорт • Бүгін, 10:17
Табыс пен шығыстың сәйкестігі тексеріледі
Қаржы • Бүгін, 10:03
Еліміздің батысы мен солтүстігінде көктайғақ күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 09:48
Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:33
Ауа райына байланысты төрт өңірде көлік қозғалысы шектелді
Ауа райы • Бүгін, 09:23
ММА: Жұман Жұмабеков бразилиялық қарсыласын жеңді
Спорт • Бүгін, 09:15
Батыс Қазақстан облысы активі жаңа Конституция жобасын қолдады
Аймақтар • Бүгін, 09:13