Қазақстан президенттігінен үміткер Ғани Қасымовтың киноға ықыласы ерекше
Партиялық пайым-пікіріне сай Ғани Қасымов өзінің сайлау алдындағы саяси тұғырнамасында өнер-мәдениетті өркендету мәселелеріне үлкен көңіл бөлгені белгілі. Нақ соның айғағындай, әйелдер мерекесі қарсаңында президенттікке кандидат Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында өтіп жатқан деректі кино фестивалінде болды. Патриоттар партиясының көшбасшысы киноның өнер ішіндегі ең маңыздысы деген қағидаттың ескірмейтіндігін ескеріп, халық мәдениеті мен тарихи мұраны қайта жаңғырту орайында шұғыл шаралар қолдану қажеттігін айтып өтті.
Қазақстандықтардың өз-өзіне, елдің үздіксіз өсу мүмкіндігіне сенуі, нағыз отаншылдар болуы өте маңызды. Мемлекетте достық, татулық пен келісім, барлық ұлттар мен ұлыстарды қолдау, сондай-ақ олардың мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін қолпаштау қамтамасыз етілуі тиіс, деп атап көрсетті Ғ.Қасымов киностудияда болған кезінде.
Соңғы жылдары Қазақстанның кино өндірісі алға басып келеді. Алуан жанрлы көркем фильмдерді шығару қайтадан бел алып, жыл сайын мәдениетке, музыкаға, ғылымға және басқа тақырыптарға арналған 30-40 шақты деректі таспалар түсірілуде. Президенттіктен үміткер келіп отырған жаңа деректі кино фестивалі Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде тұңғыш өткізіліп отыр. Апта бойы көрермендер аса көрнекті қазақ ғалымдарының, жазушыларының, сазгерлерінің қызметімен танысуға мүмкіндік алды. Мұхтар Әуезов, Әбіш Кекілбаев, басқа да белгілі тұлғалар, сондай-ақ республика мәдениеті мен өнерінің қайраткерлері жайындағы кинотуындылар ықыласпен тамашаланды. «Цезарь» кинотеатрында көрермендермен кездесуге фильм кейіпкерлері мен киногерлердің өздері келді.
Осындай бір әредікте Ғани Қасымов атақты ғалым, академик Т.Шармановпен кездесті. Денсаулық сақтау ісіне қосқан зор үлесі үшін оған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жоғары марапаты табыс етілген. Режиссер Бақыт Қайырбеков жасаған «Әлем азаматы» фильмінде осы жағдай паш етілген.
Президенттікке кандидат фильмді көргеннен кейін: «Біздің елімізде мақтан тұтуға лайықты әлемдік деңгейдегі заңғар тұлғалар еңбек етеді. Солардың ішінде Төрегелді Шарманов, Олжас Сүлейменов, Салық Зиманов, Әбдіжәміл Нұрпейісов және басқаларын атар едім. Олар – ұлттың мақтанышы. Олардың қызметі біздің әрқайсымызды шығармашылық тұрғыдан өсуге талаптандырып, қияға қанат серметеді», деді.
Сондай-ақ, Ғани Қасымов Қазақстанның ел даңқын асыратын дарындарға бай екендігін атап көрсетті. Осындай заңғар тұлғалар елді өркендетіп, ғылым мен мәдениетте, қоғамның басқа салаларында жауһар құндылықтар жасайды. Міне, біздің елімізде болашақта осындай адамдар тәрбиеленуі тиіс.
Қорғанбек АМАНЖОЛ.
Суретті түсірген Борис БУЗИН.

Серік Сәпиев министрдің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:58
Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер рейтингінде үздік ондыққа кірді
Спорт • Бүгін, 12:43
Қазақстан мен Вьетнам өзара тауар айналымын екі есе арттыруға ниетті
Экономика • Бүгін, 12:33
Астанада TikTok желісіндегі жалған «емшіге» сот үкімі шықты
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мұнай қоры бойынша ТОП-15 ел: Қазақстан қатарда бар ма?
Қазақстан • Бүгін, 12:19
Трамп: Үндістан Ресей мұнайынан бас тартты
Әлем • Бүгін, 12:09
FlyArystan тегін қол жүгінің салмағын арттырады
Қоғам • Бүгін, 11:57
Жемқорлықпен күрес: Бюджетке 100 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:40
«Қорғас» кеден бекеті екі аптаға жабылады
Қоғам • Бүгін, 11:28
Алматыда гимнастикадан ел чемпиондары анықталды
Спорт • Бүгін, 11:17
Серік Сәпиев пен орынбасары қызметінен кетті
Қоғам • Бүгін, 11:07
Голан жоталарында Қазақстанның қанша бітімгері қызмет етеді?
Әскер • Бүгін, 10:57
Олимпиада-2026: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарады
Қоғам • Бүгін, 10:38
ЖИ жыл құстарын зерттеудің жаңа дәуірін ашты
Технология • Бүгін, 10:28
Сенсациялық нәтиже: Бибісара Асаубаева супертурнирде үздік бестікке енді
Спорт • Бүгін, 10:17