Әйелдерге гүл сыйлады
Әйелдер мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов Алматы қаласындағы «ЖПБ-Автобаза» акционерлік қоғамы Әуезов аудандық басқармасының қызметкерлерімен кездесті.
Көлікке қатысы бар адамдардың эколог Елеусізовке де қатысы бар. Ауаны ластайтын басты себептер – көлік, нақтырақ айтқанда, ол пайдаланатын жанар майдың сапасы. Сол сапасыз бензин ауаны ластап қана қоймайды, көлікке де мықтап зиян келтіреді екен. Бензиннің сапасы қашан жақсарады, деді кездесуге келгендер.
Президенттікке кандидат бұл мәселені бұрыннан қозғап келе жатқанын, үкімет алдына талай рет қойғанын айтты. Бұл аса маңызды мәселе алдағы уақытта да үнемі оның назарында болмақ.
Жұрттың бәрін баға мәселесі толғандырады. Оның еңбекақыдан жылдамырақ өсуі отбасының бюджетіне ауыр тиеді. Бағаны төмендету – міндет. Тек мемлекеттік деңгейде шешуге болатын бұл мәселені шешу мақсатында президенттікке кандидат өзінің әрқашан күресетінін айтты. Басқаларды да соған шақырды.
Әркімнің көңілінде өз мәселесі жүреді. Қарақалпақстаннан келген Жандарбек деген оралман ел азаматтығын алу үшін есеп-шотыңда 1,5 миллион теңге қаржысы болу керек деген талаптың ауыртпалығын сөз етті. Қиын жақтан келген адамның қалтасында мұндай қаржы болмайтыны белгілі. Бұл талап елін аңсап жүрген талай азаматтардың жолын бөгейді. Президенттікке кандидат бұл мәселені тиісті деңгейде шешу үшін күресетінін мәлімдеді.
Сондай-ақ, еліміздің бас экологы жиналған қауымды белсенді өмір сүруге шақырды. Қоғам сонда жақсарады. Ертеңгі күні сайлау кезінде дауыс беруге барлықтарыңыз қатысыңыздар, деді ол. – Кімге де болса, өз қалауларыңызды білдіріңіздер.
Кездесу әйелдер мерекесі қарсаңында болғандықтан да, президенттіктен үміткер бір құшақ гүл ала келген екен, соны қыз-келіншектерге сыйлады.
Мамадияр ЖАҚЫП.

FlyArystan тегін қол жүгінің салмағын арттырады
Қоғам • Бүгін, 11:57
Жемқорлықпен күрес: Бюджетке 100 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:40
«Қорғас» кеден бекеті екі аптаға жабылады
Қоғам • Бүгін, 11:28
Алматыда гимнастикадан ел чемпиондары анықталды
Спорт • Бүгін, 11:17
Серік Сәпиев пен орынбасары қызметінен кетті
Қоғам • Бүгін, 11:07
Голан жоталарында Қазақстанның қанша бітімгері қызмет етеді?
Әскер • Бүгін, 10:57
Олимпиада-2026: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарады
Қоғам • Бүгін, 10:38
ЖИ жыл құстарын зерттеудің жаңа дәуірін ашты
Технология • Бүгін, 10:28
Сенсациялық нәтиже: Бибісара Асаубаева супертурнирде үздік бестікке енді
Спорт • Бүгін, 10:17
Табыс пен шығыстың сәйкестігі тексеріледі
Қаржы • Бүгін, 10:03
Еліміздің батысы мен солтүстігінде көктайғақ күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 09:48
Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:33
Ауа райына байланысты төрт өңірде көлік қозғалысы шектелді
Ауа райы • Бүгін, 09:23
ММА: Жұман Жұмабеков бразилиялық қарсыласын жеңді
Спорт • Бүгін, 09:15
Батыс Қазақстан облысы активі жаңа Конституция жобасын қолдады
Аймақтар • Бүгін, 09:13