«Төртеудің финалы» деп аталатын 2011 – УЕФА кубогының футзал бойынша финалдық кезеңі алғаш рет Алматыда өткені жанкүйерлер үшін айта жүрерліктей оқиға болды. Шешуші матчтардың жеребе тастауында алматылық «Қайрат» аңызға айналған бразилиялық «Сантос» командасымен жолдастық ойында бәсекеге түсіп, жеңіске жетті.
«Қайрат» әлемдік футболда баяғыдан бері келе жатқан мықты клуб «Сантоспен» жолдастық матчта ойнады. «Сантос» «үлкен» футболда өткен ғасырдың ең мықты футбол ойыншысы Пеле ойнаған клуб. Ал қазір оның футзалды командасының намысын екі мәрте әлемнің футзал бойынша ең жақсы ойыншысы атанған Фалькао қорғады.
Аты жер жарған бразилиялық командамен кездесу алдында «Қайраттың» бас жаттықтырушысы Жоао Карлос Барбоза:
– «Сантос» – ұлы команда! Әлемдік футбол қауымының көптеген сүйіктілері осы клубтың түлектері немесе ойыншылары. Өз Отанында осындай командамен ойнау әркімге беріле бермеген мүмкіндік,– деген болатын.
Кездесу басталмай тұрып-ақ, «Қайрат» басшылығы баспасөз мәслихатында «Сантоспен» кездесу қазақстандық футболшылар үшін маңызды оқиға болады деп санайтынын мәлімдеді. Еуропалық футзалдың құрметті командасында УЕФА Кубогын жеңіп алуды мақсат тұтқан осындай қарсыласпен кездесу – «Төртеудің Финалы» алдындағы жақсы дайындық болады деп күтілген еді.
Осылайша, үміт артқан «Қайратымыз» 8 наурыз күні алғашқы матчты жанкүйерлерсіз өткізіп, 5:3 есебімен жеңілсе де, екінші матч тікелей эфирден көрсетіліп, жерлестеріміз 3:1 есебімен жеңіске жетті. Жанкүйерлердің қолдауы деген осы болар?!
Қарсыластарына оңайлықпен дес бермейтін бразилиялықтар «Қайраттың» өз алаңында кездесу «қонаққа» келгеннен өзгеше болғанын мойындады. Тұңғыш рет қазақстандық команда өз тарихында бразилиялықтарды тізе бүктірді деп қуанды «Қайраттың» президенті Қайрат Оразбеков.
«Қайрат» туралы енді әңгіме бөлек. «Қайрат» Еуропаның футзал бойынша басты жарыстың шешуші бөлігінің тұрақты қатысушысы болып келе жатқанына, міне 7 жыл болды. Осы жылы тарихта алғаш рет Алматының Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында құрлықтың ең жақсы төрт клубы шағын-футбол деген атпен белгілі спорттың танымал түрінде «Төртеудің Финалын» ойнады.
Ал матчтар осы жылдың 29 сәуірінен 1 мамырына дейінгі аралықта өтеді. Турнирдің шешуші кезеңін қабылдау мәртебесіне Қазақстан алматылық «Қайраттың» еуроареналардағы көп жылғы жетістіктерінің арқасында ие болып отыр. Еуропалық футбол элитасына енетін, УЕФА рейтингінде төртінші орын алатын клуб, бірнеше жыл бойы еліміздің ең жақсы клубы атынан айырылмай келеді. Түрлі деңгейдегі жарыстарда алматылық команда өз жетістіктерімен қазіргі қазақстандық спорттың мүмкіндіктерін көрсете білуде. Соның нәтижесінде «Қайраттың» қанжығасында УЕФА Кубогының қола наградалары және құрлықтың ең жақсы 8 командасы құрамында плей-офқа тұрақты түсіп отыру бар.
Айнаш ЕСАЛИ, Алматы.

FlyArystan тегін қол жүгінің салмағын арттырады
Қоғам • Бүгін, 11:57
Жемқорлықпен күрес: Бюджетке 100 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:40
«Қорғас» кеден бекеті екі аптаға жабылады
Қоғам • Бүгін, 11:28
Алматыда гимнастикадан ел чемпиондары анықталды
Спорт • Бүгін, 11:17
Серік Сәпиев пен орынбасары қызметінен кетті
Қоғам • Бүгін, 11:07
Голан жоталарында Қазақстанның қанша бітімгері қызмет етеді?
Әскер • Бүгін, 10:57
Олимпиада-2026: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарады
Қоғам • Бүгін, 10:38
ЖИ жыл құстарын зерттеудің жаңа дәуірін ашты
Технология • Бүгін, 10:28
Сенсациялық нәтиже: Бибісара Асаубаева супертурнирде үздік бестікке енді
Спорт • Бүгін, 10:17
Табыс пен шығыстың сәйкестігі тексеріледі
Қаржы • Бүгін, 10:03
Еліміздің батысы мен солтүстігінде көктайғақ күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 09:48
Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:33
Ауа райына байланысты төрт өңірде көлік қозғалысы шектелді
Ауа райы • Бүгін, 09:23
ММА: Жұман Жұмабеков бразилиялық қарсыласын жеңді
Спорт • Бүгін, 09:15
Батыс Қазақстан облысы активі жаңа Конституция жобасын қолдады
Аймақтар • Бүгін, 09:13