АҚШ-та үлкен мұнай мен табиғи газ қоры табылды. Оны Техас штатының геологиялық қызметі (USGS) анықтады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
USGS-тің есептеуі бойынша, Техаста шамамен 20 млрд баррель мұнай, 16 трлн кубометр табиғи газ қоры және 1,6 млрд баррель газ конденсаты бар. Бұл 2013 жылы Bakken-Three Forks формациясында анықталған көлемнен үш есе көп.
«Біздің АҚШ тарихындағы ең үлкен мұнай қорын табуымыз, тіпті, осыған дейін миллиардтаған баррель мұнай өндірген аймақтардың өзінде де тағы да мұнай қорын анықтауға мүмкіндік бар екендігін білдіреді»,-дейді USGS энергетикалық ресуртар бағдарламасының координаторы Уолтер Гидрош. Табиғи ресуртардың жаңа қорларын анықтау көлденең бұрғылау технологияларының арқасында жүзеге асып отыр. Бұл әдіс соңғы он жылда жиі қолданылып келеді.
Бұған дейін Халықаралық энергетика агенттігі (ХЭА) мұнайға сұраныстың шарықтау шегі 2040 жылға дейін болмайды деп болжам жасаған. Агенттіктің мәліметінше, әзірге мұнай қоры жеткілікті. Дегенмен, қара алтынның әлемдік сұранысы жалғаса береді, себебі мұнайды автокөліктік жүк тасымалдауда, авиацияда және мұнай химиясында басқа затпен алмастыру мүмкін емес.

Жетісу облысында Сиверс алма ағашы гүлдеді
Аймақтар • Бүгін, 22:10
Астанада «Мұз айдынындағы чемпиондар» шоуы өтті
Елорда • Бүгін, 21:59
Футболдан ел кубогінің ширек финалына қай клубтар шықты?
Спорт • Бүгін, 17:32
Астанада Тілендиев даңғылының бір бөлігі 9 мамырға дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 17:27
Азия кубогі: Қазақстан триатлоншылары төрт медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 17:10
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 16:50
Лондонда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр
Спорт • Бүгін, 16:22
Grand Slam: Душанбеде Қазақстан дзюдошысы қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:52
Трамп Иранға қарсы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 15:29
Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинада жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 14:59
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12