Орталық коммуникациялар қызметінде «Халық маркасы» Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау жүйесі федерациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Римма Тәжібаеваның қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Спикер отандық өнімнің қазіргі уақыттағы даму қарқыны жөнінде әңгімеледі.
«Астанада жақында ашылған «Халық маркасы» сауда орталығы қазақстандық тауармен толығуда. Бір жерге топтасқан тек ұлттық брендті тұтынушылардың қатары күн санап артып келеді. Ашылғанына бірер ай ғана болған бұл сауда алаңындағы тауарлардың барлығы отандық өндірушілердің қолынан шыққан. Шетелдік өнімдерден кем түспейді, тауарлар сапалы әрі қолжетімді», – деді Р.Тәжібаева.
Оның айтуынша, отандық өнімнің басын қосқан алаңның артықшылығы, сатушылар орынды жалға алғаны үшін ақы төлемейді, тауарын тегін қояды.
«Қазіргі таңда тауар айналым көлемі 30 миллионнан астам. Бүгінге дейін бұл павильонда 100 шақты компания өз орнын алып үлгерді. 10 мыңнан астам отандық тауардың үлгісі бар. Сондай-ақ 500 брендті тауар орналастыру жоспарлануда. Сол арқылы павильон 100 мыңнан астам отандық тауарға толығады, – деп мәлімдеді спикер. – Қазір біз ЭКСПО-2017 қарсаңында қаланың туристік картасына ендік, өйткені келуші қонақтардың бәрі, соның ішінде шетелдік азаматтар қазақстандық өнімді іздейтін болады. Аталмыш картаға тек отандық өнімдер сататын сауда орындары енеді. Сондай-ақ қала ішінде тек отандық тауарды саудалайтын 7 Duty Free маркеті ашылады».
Сондай-ақ, шара барысында Маңғыстау облысының қолдауымен, Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетовтің құрметіне «ZIBROO FOR АDOKA» балалар спорттық киімдерін таныстыру рәсімі өтті.
Айдар Өрісбаев,
"Егемен Қазақстан".
• 22 Қараша, 2016
Ниязымбетовтің құрметіне балалар киімі шығарылды

Үкімет Риддердегі жылу желілерін жөндеуге 1,8 млрд теңге бөлді
Үкімет • Бүгін, 18:52
Белгілі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов жұмысшыларына тағы 50 пәтер сыйлады
Қоғам • Бүгін, 18:28
Телефонға телмірген жалғыздық пен жоғалған құндылық: Астанада ерекше көрме ашылды
Мәдениет • Бүгін, 18:05
Енді статистикалық деректерді «AI Stat» сервисі арқылы алуға болады
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:53
Елордадағы жантүршігерлік жағдай: Эвакуатор жүргізушісі аялдамаға соғылды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Президентке көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді
Президент • Бүгін, 17:10
Жаңа Конституция: Елдің саяси жүйесі қалай өзгереді?
Ата заң • Бүгін, 17:02
Қасым-Жомарт Тоқаев GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды
Президент • Бүгін, 16:57
Астанада шамамен 40 адам жасөспірімді аяусыз соққыға жыққан
Оқиға • Бүгін, 16:53
Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады
Президент • Бүгін, 16:40
Астанада 2 жасар баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 16:38
Мемлекет басшысына Defense Tech жобасы таныстырылды
Президент • Бүгін, 16:33
Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
Қазақстан • Бүгін, 16:30
Астанадағы мешіттердің бірінде миллион теңгенің күртешесі қолды болды
Оқиға • Бүгін, 16:19
Жасанды интеллектке «Оскар» берілмейді: Сценарийді адам жазуы шарт
Жасанды интеллект • Бүгін, 16:10