Ақмола облысында жалпы ауқымы 12 миллиард теңгенің мүлкі заңдастырылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» Ақмола облыстық филиалының директоры Бектұрған Бозтериев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Облыстағы мүлікті заңдастыру жұмыстарының барысы туралы өткен брифингке «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» Ақмола филиалының директоры Бектұрған Бозтериев, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Назгүл Аюпова мен тергеуші-маманы Әсет Тәниев және мүлікті жария ету жөніндегі комиссияның хатшысы Әсел Ақышева қатысты.
Ұлттық банк филиалы директорының айтуынша, облыс аумағында мүлікті заңдастыру жұмыстары ойдағыдай жүргізілуде.
«Бүгінгі күнге дейін облысымызда мүлік пен ақшаны заңдастыруға байланысты 2579 өтініш түсті. Жылжымайтын мүлікке қатысты 4812 нысанды заңдастыру туралы өтініш қабылданса, олардың 1733-і тұрғын үйге байланысты. Құжаттары дұрыс болмаған және заң талаптарына сай еместіктен, комиссия 448 өтінішті қараудан бас тартты. Әкімдік желісі бойынша осы күнге дейін жалпы ауқымы 12 миллиард теңгенің мүлкі заңдастырылды. Оған қоса, 495,9 миллион теңге ақша заңдастырылған», деп атап өтті облыстың бас банкирі.
Сонымен қатар, брифинг барысында Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы Назгүл Аюпованың мүлік пен ақшаны заңдастырудың шарттары туралы баяндамасы да тыңдалды.

Футболдан ел кубогінің ширек финалына қай клубтар шықты?
Спорт • Бүгін, 17:32
Астанада Тілендиев даңғылының бір бөлігі 9 мамырға дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 17:27
Азия кубогі: Қазақстан триатлоншылары төрт медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 17:10
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 16:50
Лондонда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр
Спорт • Бүгін, 16:22
Grand Slam: Душанбеде Қазақстан дзюдошысы қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:52
Трамп Иранға қарсы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 15:29
Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинада жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 14:59
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50