Артына өшпес мұра қалдырған, бір қазақтың емес, бар қазақтың ұлына айналған дара ақынды ардақтауды, мол мұрасын жастарға насихаттауды мақсат тұтқан кешке өнердегі қаламдас достары, шәкірттері, ақынның өмірлік жары Меңсұлу Сұлтанқызы, елімізге белгілі айтыскер ақындар, эстрада әншілері, арулар ордасының өнерпаз жастары, сонымен қатар, тұлғаның туған жері – Алматы облысы, Жамбыл ауданынан құрметті қонақтар келіп қатысты.
Кешті Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры Динар Нөкетаева ашты. «Есенқұл Жақыпбеков – халқымыздың ұлттық әдебиеті мен мәдениетінің мәртебесін биіктеткен, ақындық өнердің көрнекті өкілі, бірі емес, бірегейі. Есағамыз – ақындық өнерімен бірге, айтыс өнерін қатар тізгіндеген жан. Ол – жыр алыптары Сүйінбай мен Жамбылдың ізін жалғап, өнерін өрістеткен суырыпсалма айтыскер, қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан талантты ақындардың қатарынан ойып тұрып орын алған айтулы тұлға. Оның халық арасындағы асыл қазынасы, артына қалдырған мұрасы – мәңгі өлмейтін мөлдір жырлар», деп атап өткен Д.Нөкетаева кештің құрметті қонағы, ақынның жары Меңсұлу Сұлтанқызына қазақы дәстүрмен сый-сыяпат көрсетіп, ақ орамал мен оқалы камзол кигізді және гүл шоғын табыс етті.
Ақтаңгер жанның шығармашылығына арналған кеште жүрекжарды жырлары оқылып, ақын сөздеріне жазылған «Қара күз», «Алдай-ау», «Біздің елдің жігіттері», «Аққуым», «Сен ұмытпа», «Сен жалынсың», «Есіл дүние», «Тұманды күн», «Өмір өтті-ау зырғып ағып» әндері әуелете шырқалды. Халық жадында сақталған жауһар әндерімен қатар кеште ақынның «Қаныбек» термесі, «Барады өтіп келте өмір» толғауы орындалды. Университетінің мәдени-тынығу жұмысы мамандығының студенттері «Ақын өлеңдерінен композиция» атты театрландырылған қойылым көрсетіп, ақын өлеңдерін сөйлетсе, ұстаздарын сағынышпен еске алған шәкірттері «Ұстазыма», «Қош, Есаға!» атты арнау өлеңдерін оқыды. Ақын өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін бейнефильм көрсетілді.
Ақынның өзі баптаған шәкірттері, айтыскер-ақындар Айдана Қайсабек пен Жалғас Садырұлы айтысып, кешке көрік бергендей. Және де кеште шараның құрметті қонақтары болған, ақынның өлеңдерін айтып, көпшілікке насихаттап жүрген белгілі айтыскер ақын Серік Қалиев пен Үмбетәлі мұражайының директоры, ақын Әуелбек Ысқақов естеліктерімен бөлісті. С.Қалиев қасиетті домбырамен ақын өлеңдерін айтып берсе, Ә.Ысқақов Есенқұл Жақыпбековтің айтқандарын жинап, дайындап жатқан «Деген екен...» атты кітабынан біраз үзінділер оқыды.
Бірегей сыршыл лирик ақынның шығармашылық кеші жоғары деңгейде өтіп, көрерменнің жүрегін әнімен тербетті.
Сапарбай ПАРМАНҚҰЛОВ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Телефонға телмірген жалғыздық пен жоғалған құндылық: Астанада ерекше көрме ашылды
Мәдениет • Бүгін, 18:05
Енді статистикалық деректерді «AI Stat» сервисі арқылы алуға болады
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:53
Елордадағы жантүршігерлік жағдай: Эвакуатор жүргізушісі аялдамаға соғылды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Президентке көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді
Президент • Бүгін, 17:10
Жаңа Конституция: Елдің саяси жүйесі қалай өзгереді?
Ата заң • Бүгін, 17:02
Қасым-Жомарт Тоқаев GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды
Президент • Бүгін, 16:57
Астанада шамамен 40 адам жасөспірімді аяусыз соққыға жыққан
Оқиға • Бүгін, 16:53
Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады
Президент • Бүгін, 16:40
Астанада 2 жасар баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 16:38
Мемлекет басшысына Defense Tech жобасы таныстырылды
Президент • Бүгін, 16:33
Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
Қазақстан • Бүгін, 16:30
Астанадағы мешіттердің бірінде миллион теңгенің күртешесі қолды болды
Оқиға • Бүгін, 16:19
Жасанды интеллектке «Оскар» берілмейді: Сценарийді адам жазуы шарт
Жасанды интеллект • Бүгін, 16:10
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 15:53
Мереке қарсаңында пойыздарға қосымша вагондар тіркеледі
Мереке • Бүгін, 15:43