Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен WBA тұжырымы бойынша тұрақты әлем чемпионы Дэниэль Джейкобс (32-1, 29 КО) арасындағы бокс кешінің андеркатына тағы бір жекпе-жек қосылды, деп хабарлады vesti.kz.
Бокс кешінде WBC тұжырымы бойынша жеңіл салмақта мексикалық Карлос Куадрас (35-1-1, 27 КО) отандасы Давид Кармонмен (20-3-5, 8 КО) кездеседі. Қос боксшы екінші жеңіл салмақта жұдырықтасады.
Осыған дейін 18 наурызда өтетін бокс кешінде 29 жастағы никарагуалық Роман Гонсалес (46-0, 38 КО) пен украиналық Александр Усиктің (11-0, 10 КО) және Олимпиада чемпионы, ирландиялық 30 жастағы Кэти Тэйлордың (2-0, 1 КО) кездесу өткізетіні айтылған болатын.
Айта кетейік, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Елімізде бокс кешін «Қазақстан» және KazSport арналары көрсетеді.
• 25 Қаңтар, 2017
Головкиннің бокс кешіне тағы бір жекпе-жек қосылды

Қарағандыда үздік сарбаздарға білім гранттары табысталды
Әскер • Бүгін, 19:15
Президент зияткерлік меншік мәселелері бойынша заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:50
Silk Way Star: Қазақстан Еуразияның жаңа медиабрендін қалыптастырып келеді
Мәдениет • Бүгін, 18:24
Қоймаға 40 млн тонна мал азығы жиналды
Экономика • Бүгін, 18:00
Жезқазғанда әлемдік деңгейдегі геологиялық кластер ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:55
Астана мен Алматы әуежайлары аэрохабқа айналады
Қоғам • Бүгін, 17:50