Президент Нұрсұлтан Назарбаев Бүкіләлемдік 28-ші қысқы Универсиада додасында ел намысын қорғайтын спортшыларымызға сәттілік тіледі.
«Құрметті жас достар, спортшылар! Бүгін жастар үшін үлкен мереке. Еліміздің ең басты университетінде бүгін Универсиада алауы жағылады. Осы төрт-бес күннің ішінде осы Алау бүкіл Қазақстанды шарлап шығып, елдің спортшыларымызға деген тілегін, арманын қабыл аласыңдар. Сондықтан ол жеңіске жетуге көмегін тигізетін болады», - деді Елбасы.
Мемлекет басшысының айтуынша, мұндай жоғары деңгейдегі спорттық доданың Қазақстанда өтуі үлкен абырой.
«Бұл шара - тұңғыш рет тәуелсіздік жылдары ішінде жеткен жетістігіміздің бірегейі, мұндай дүниежүзілік доданы біз ешқашан өткізіп көргеніміз жоқ. 57 елдің спортшылары келетін болады. 170 мемлекеттің ішінен өткізу құқығына ие болдық. Бұл, біріншіден, біздің еліміз үшін үлкен абырой. Қазақстанды тағы да барша елдерге паш етеміз, мыңдаған журналистер болады. Екіншіден, жастарды спортқа баулиды. Үшіншіден, салған жаңа спорт кешендердің барлығы болашақтағы еліміздің спортшыларына қызмет етеді. Біздің 168 мүшесі бар құрамамыз алға суырылып, барлығымызды қуантады деп сенемін! Сіздерге зор табыс тілеймін, өркендеріңіз өсе берсін!», - деді Н. Назарбаев.
• 25 Қаңтар, 2017
Елбасы: Универсиадада құрамамыз барлығымызды қуантады деп сенемін

Қарағандыда үздік сарбаздарға білім гранттары табысталды
Әскер • Бүгін, 19:15
Президент зияткерлік меншік мәселелері бойынша заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:50
Silk Way Star: Қазақстан Еуразияның жаңа медиабрендін қалыптастырып келеді
Мәдениет • Бүгін, 18:24
Қоймаға 40 млн тонна мал азығы жиналды
Экономика • Бүгін, 18:00
Жезқазғанда әлемдік деңгейдегі геологиялық кластер ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:55
Астана мен Алматы әуежайлары аэрохабқа айналады
Қоғам • Бүгін, 17:50