Елбасының мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді қайта бөлу бойынша жасаған Үндеуіне орай, кеше елордада «Нұр Отан» партиясының ұйытқы болуымен «Қазақстан-2050» демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысы өтті.
Елбасы жариялаған Үндеуді еліміздегі барша қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, мемлекеттік емес ұйымдар, азаматтық қоғам мүшелері үлкен тарихи оқиға ретінде қабылдап, өз көзқарастарын білдіріп жатқаны белгілі. Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысына еліміздегі жетекші саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің басшылары қатысты.
Кездесуді жүргізген «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған саяси жүйенің мемлекеттілікті нығайтуға, билік тармақтары қызметінің тиімділігі мен жауапкершілігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:
– Жалпыұлттық коалиция аса ірі саяси оқиғаға орай бас қосып, өз пікірін білдіретін дәстүр бойынша бүгін де жиналып отыр. Елбасы ұсынған жаңа бағыт мемлекетімізді одан әрі нығайтуға және биліктің барлық тармақтарын одан әрі күшейтуге арналған. Күшті президенттік билікті сақтай отырып жүргізілетін мұндай реформа еліміздегі саяси тұрақтылық пен одан әрі өсіп-өркендеуіміздің берік кепілі болады деп нық сенемін, – деді.
М.Құл-Мұхаммед еліміздегі саяси реформалар Елбасының көрегендігінің арқасында осыдан бірнеше жыл бұрын басталғанына да тоқталды.
– Мәселен, Мемлекет басшысы 2005 жылы халыққа «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауын арнады. Атының өзі айтып тұрғандай, еліміздегі алдымен экономикалық, кейін әлеуметтік жаңғыру жұмыстары осыдан 12 жыл бұрын басталды. Енді кезек нақты саяси реформаларға да келді, – деді спикер.
«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашевтың айтуынша, партия төралқасының арнайы отырысы өтіп, Елбасы Үндеуінде айтылған бағыттар бойынша орталық органы мен филиалдарында талқылаулар өткізу жөн деп шешіліпті.
– Демократияландыруды жалғастыру, Парламенттің өкілеттігін кеңейту, мемлекеттік органдардың халық пен қоғам алдындағы есептілігін қамтамасыз ету – біздің партияның жарғысында көрініс тапқан басты қағидаттардың бірі. Сол себепті, біз бұл Үндеуді үлкен үмітпен және сеніммен қабылдадық. Елбасы қоғам алдына уақыт талаптарына сай жаңа міндеттер қойып отыр. Үндеуде айтылғандай, біз үшін саяси партиялардың рөлін күшейту мәселесі өте маңызды. Егер Үкімет құрылымы мен құрамы сайлауда жеңген партияның артықшылығы бойынша жасақталатын болса, бұл – барлық партиялар үшін биліктің өкілетті органдарында ғана емес, басқа органдарында да болуға деген үлкен мүмкіндік, – деп атап өтті А.Перуашев.
«Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаевтың пікірінше, Үкіметке қатысты атқарушы органдар елімізді дамытудағы, экономикалық әлеуетін арттырудағы басты жауапты орган болуы тиіс. Парламенттің де жауапкершілігі артуға тиіс.
– Мұның барлығы халық мүддесі үшін, еліміздің болашақ дамуы үшін қолға алынып отыр. Ол Бес институттық реформаға сәйкес келеді. Сол себепті, «Ауыл» партиясы басқа әріптестері сияқты жергілікті филиалдарында, бастауыш партия ұйымдарында оны терең талқылайтын болады. Халық тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлер жинақталады. Біз соған ұйытқы болуымыз керек, баршаңызды соған шақырамын, – деді Ә.Бектаев.
Жалпы, осы жиынға қатысқан «Ақ жол», «Ауыл» партияларының, Қазақстан Коммунистік халық партиясының жетекшілері Үндеуде көзделген саяси реформалардың көңілдерінен шығатынын, оны қолдайтындарын айтты. Олар, сондай-ақ, Президенттің конституциялық реформасын халық арасында жан-жақты түсіндіруге, талқылауға дайын екендіктерін жеткізді. Партия жетекшілерінің айтуынша, Парламент сайлауында оларды қолдаған дауыс берушілер Елбасы Үндеуін талқылауға атсалысып, өздерінің түрлі өтініштерін жолдауға тиіс. Партиялардың әрқайсысы өздеріне келіп түскен өтініштердің барлығын жүйелеп, Мемлекет басшысы жанындағы Жұмыс тобына ұсынатын болады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Мемлекет басшысының өзекті әрі дер уақытында жарияланған Үндеуін қолдайды. Ассамблея атынан сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты Юрий Тимощенко осылай деді.
– Қазақстандық этностарға Парламент Мәжілісінде депутат ретінде өкілеттіліктерін ұсынуға кепілді мүмкіндік жасалды. Бұл орайда, Мемлекет басшысының Парламенттің өкілеттігін күшейту, Үкіметтің жауапкершілігін арттыру туралы бастамасы Қазақстанда тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз етуге қосымша күш береді. Өзімнің және Қазақстан халқы Ассамблеясына мүше әріптестерімнің атынан, еліміздегі барлық этномәдени бірлестіктердің атынан Мемлекет басшысының Үндеуінде айтылған конституциялық рефоманы халық арасында түсіндіруге әзір екенімізді айтқым келеді, – деді Мәжіліс депутаты.
Алқалы жиынға Коалиция құрамындағы саяси партиялар жетекшілерімен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жалпыұлттық қозғалыстың президенті Оралбай Әбдікәрімов, Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Нұрлан Ерімбетов, Халық Қаһарманы, Қарулы Күштер ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Ертаев, Ұлттық инженерия академиясының президенті Бақытжан Жұмағұлов, Ұлттық академияның президенті Мұрат Жұрынов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов қатысты.
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары М.Құл-Мұхаммед айтып өткендей, Елбасы Үндеуін бір ай көлемінде талқылау көзделген. Әрбір қоғамдық ұйым, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар түрлі шаралар өткізіп, сонда жинақталған ұсыныстарды тиісті Жұмыс тобына тапсыра алады.
Жиын соңында Коалиция Елбасы ұсынған мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі жоспарға қолдау білдіріп, барлық қазақстандықтарды оны талқылауға шақырды. Ол «Қазақстан-2050» демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының ел халқына жасаған қорытынды үндеуінде көрініс тапты.
Арнұр АСҚАР,
«Егемен Қазақстан»

Балаларға екі данадан артық бермеңіз: мандаринді көп тұтыну қауіпті
Денсаулық • Кеше
Алматыда екі қабатты қоймада өрт шықты
Төтенше жағдай • Кеше
Бүгін «Барыс» елордада «Авангардпен» кездеседі
Спорт • Кеше
Панфиловке баратын жол жаңарды
Инфрақұрылым • Кеше
Жетісуда көл жағалауларын тазалайтын кәсіпорындар құрылады
Экология • Кеше
Әлем балетінің жұлдыздары Қазақстанда
Өнер • Кеше
Алматыда тәртіпті он жүргізуші марапатталды
Заң • Кеше
Асу Алмабаев Дохадағы UFC турнирінде Пересті жеңді
Спорт • Кеше
Мемлекет басшысы Silk Way Star қатысушыларын құттықтады
Президент • 22 Қараша, 2025
Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • 22 Қараша, 2025
Ақтауда 2 000 бала Damu Bala арқылы үйірмелерге бара алмай жүр
Спорт • 22 Қараша, 2025
Ұлттық құраманың футболшысы 27 жасында кәсіби карьерасын аяқтады
Спорт • 22 Қараша, 2025
Абай облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне 10 автомобиль тарту етілді
Шаруашылық • 22 Қараша, 2025
Халықтың ипотекаға сұранысы төмендеді: автонесиеге қызығушылық артты
Қаржы • 22 Қараша, 2025
Шетелде жүрген қазақ ғалымдарының әлеуетін ел игілігіне бағыттаудың жаңа кезеңі басталды
Ғылым • 22 Қараша, 2025
Астанада құрылыс алаңында үш жұмысшы биіктіктен құлап кетті
Төтенше жағдай • 22 Қараша, 2025
Тұмаудың алдын алу үшін қандай жемістерді жиі тұтынған жөн
Денсаулық • 22 Қараша, 2025
Қазақстан алтын сатып алудан әлемде 2-орынға шықты
Экономика • 22 Қараша, 2025
Қостанайда көпқабатты үйде болған өрттен бес адам құтқарылды
Төтенше жағдай • 22 Қараша, 2025
ТЖМ авиациялық паркі кез келген аумаққа қона алатын ұшақпен толықты
Қоғам • 22 Қараша, 2025
Қысқа роликтер ұйқыны бұзады, мазасыздықты арттырады
Технология • 22 Қараша, 2025
Маңғыстау облысында даму, инвестиция салаларында қарқынды ілгерілеу бар
Өндіріс • 22 Қараша, 2025
Қазақстандағы фельдшердің өлімі мен Алғабастағы өрт ДДҰ назарына ілікті
Денсаулық • 22 Қараша, 2025
Атыраудан Миланға алғашқы тікелей рейс ұшты
Туризм • 22 Қараша, 2025
Астанада бірнеше тұрғын үй жарықсыз қалды
Елорда • 22 Қараша, 2025
Ақтау Жаңа жылға дайындалып жатыр: мерекелік безендіруге 80 млн теңге бөлінді
Аймақтар • 22 Қараша, 2025
Іле-Балқаш табиғи резерватында ұсталған көліктен қару мен 13 қоян табылды
Табиғат • 22 Қараша, 2025
«Инвестицияға тапсырыс»: Қазақстан бизнесі мен агросекторы үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады
Үкімет • 22 Қараша, 2025
Silk Way Star халықаралық музыка конкурсының көрермені үшін дауыс беру ережесі жарияланды
Өнер • 22 Қараша, 2025
Таразда бір-ақ күн «жұмыс» істеген ер адам 7 жылға сотталып кетті
Есірткі • 22 Қараша, 2025
Қазақстан Эр-Риядтағы Ислам ынтымақтастығы ойындарында 56 медаль жеңіп алды
Спорт • 22 Қараша, 2025
Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр
Қаржы • 22 Қараша, 2025