Алматыда өтетін XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың салтанатты ашылу рәсімі 29 қаңтарда «Алматы Арена» спорт кешенінде өтеді. Осынау әлем көз тіккен айтулы доданың эстафеталық алауы 25 қаңтарда Астанадағы Н.Назарбаев Университетте тұтанып, енді еліміздің барлық өңірін аралап шығады.
Дүниежүзілік қысқы Универсиада додасы эстафеталық алаудың жағылуымен басталады. Астана қаласында жағылған алау еліміздің 14 облысын аралап, 29 қаңтарда Алматыға жеткізіледі.
Қысқы Универсиаданың эстафеталық алауын ары-бері тасымалдауға еліміздегі іргелі автохолдинг саналатын «Вираж» автосалоны арнайы көлік бөлді. Әр өңірге жеткізілетін эстафета алауының ресми автотасымалдаушысы болып танылған «Вираж» автохолдингі облыс орталықтарына жеткізуге 60 көлік бөлді.
Былтырғы жылдың желтоқсан айында «Универсиада-2017» дирекциясының басшысы Наиль Нуров пен «Вираж» автохолдингінің бас директоры Владимир Котельников арнайы меморандумға қол қойып, «Вираж» компаниясы Универсиаданың ресми автотасымалдаушысы болып танылды.
Келісімшарт жасасқанда «Универсиада-2017» дирекциясының басшысы Наиль Нуров былай деген еді: «Еліміздегі ең ірі автохолдинг саналатын «Вираж» компаниясымен әріптестік орнатқанымызға қуаныштымыз. Аталған автокомпанияның басшылығы заманауи үлгідегі автокөліктерін беріп, Универсиада додасы кезінде тасымалдау жағынан көмек көрсетеді».
«Вираж» автосалонының қоғамдық көліктері Универсиадаға қатысушы студент-спортшыларды, арнайы келген туристерді, студенттер сайысын тамашалауға келген қонақтарды тасымалдайтын болады.
«Вираж» автокомпаниясының бас директоры Владимир Котельников Универсиада ойындарын өткізу дирекциясының автотасымалдау шаруасын «Виражға» сеніп тапсырғаны үшін алғыстарын білдірген болатын. «Біздің елімізде осындай айтулы доданың ұйымдастырылуы да зор мәртебе. Қысқы Универсиада ойындары кезінде спортшылар мен қала қонақтарын тасымалдап, еліміздегі маңызды додаға қолдау көрсететінімізге мақтанамыз», деген-ді Владимир Котельников.
XXVIII қысқы Универсиада ойындарының эстафеталық алауын ұстап жүру, қала көшелерімен шерулету де үлкен мереке. «Универсиада-2017» дирекциясының басшысы Наиль Нуров алауды ұстап жүрушілерді таңдауда көбіне жастарға сенім артылғанын айтады.
«Халықаралық масштабтағы дода болғандықтан қысқы Универсиаданың алауын еліміздің әр өңірінде алып жүру шарасы да жоғары деңгейде өткізілуі тиіс. Студенттер сайысы болғандықтан әр өңірде эстафеталық алауды алып жүру құрметіне негізінен жастар таңдап алынды. Ең алдымен жоғары оқу орнында оқу үзідігі атанып, өзгелерге үлгі бола білген студенттер, спортшылар, жас ғалымдар, өнер, мәдениет, руханият, экономика секілді салаларда талантымен тәнті еткен жастар да Универсиада алауын ұстап жүру құрметіне ие болады», дейді «Универсиада-2017» дирекциясының басшысы Наиль Нуров.
Астана қаласында тұтанатын Универсиада алауы Алматы қаласына жеткенге дейін 22 500 шақырым жол жүреді. 22 500 шақырымның ішінде 200 шақырымында эстафеталық алауды ұстаушылар қала көшелерімен жүріп өтеді.
XXVIII қысқы Универсиада ойындарының және Эстафеталық алауды алып жүру шарасының ресми автотасымалдаушы деп танылған «Вираж» автосалоны 14 облысқа 60 қоғамдық көлігін бөлді. Елімізде 17 дилерлік орталығы бар «Вираж» холдингі бөлген ГАЗ автокөліктеріне Универсиада ойындары бедерленген қағаздар жапсырылып, безендіріледі. Қоғамдық көліктердің Универсиада ойындарында спортшылар мен қонақтарды тасымалдайтыны сонадайдан айқындалады.
«Вираж» автохолдингінің Алматы қаласындағы филиалы да қысқы Универсиада ойындарына бөлген көліктерінің сақадай-сай екенін айтады. Алматыға келген студент-спортшыларды, төрешілерді, қала қонақтарын тасымалдауға арнайы жабдықталған 95 «ГАЗель Next Citiline» маркалы автобустар бөлінді. 2015 жылы құрастырылған автобустар қала көшелерінде жүруге өте ыңғайлы, қалааралық қатынас кезінде де адамдарға ыңғайлы болады дейді «Вираж» автохолдингінің мамандары. Қысқы Универсиада ойындары кезінде тәулік бойы тоқтаусыз жүретін «Вираждың» арнайы бөлінген автобустары сайысқа қатысушыларды діттеген жеріне межелі уақытта жеткізеді.
Қысқы Универсиада ойындарының ресми автотасымалдаушысы «Вираж» автохолдингі еліміздегі автомобль нарығындағы іргелі ұжым саналады. ГАЗ брендімен арнайы техника да құрастырып, сату арқылы ел экономикасына елеулі үлесін қосып келеді.
2006 жылдан бері қарай автохолдинг автомобиль өндірісіне орасан үлесін қосып келеді. «Вираж» автохолдингінің жоғары технологиямен құрастырылған жеңіл, арнайы көліктер, автобустары үлкен сұранысқа ие. Мәселен, ГАЗ маркалы автокөліктерінен өзге «ГАЗель Next Citiline» маркалы шағын автобустарына да қызығушылардың саны артып келеді.
Универсиада ойындары кезінде қала қонақтары мен сайысқа қатысушыларды тасымалдайтын және эстафеталық алауды әр қалаға жеткізетін автошеруде жүретін «ГАЗель Next Citiline» маркалы көлігіне де сұраныс артатыны белгілі.
Эстафета алауын Астана қаласынан бастап алып жүріп, 14 облыс орталығын аралап, соңынан Алматы қаласына жеткізу шаруасы да оңай емес. Қазір қыстың көзі қырау. Солтүстік, шығыс, батыс облыстарда, тіпті Астана маңында да қақаған аяз қысып, қасат қар адымыңды аштырмайды. Міне, осындай аязды күндері эстафета алауын алып жүрушілердің тоңып қалмауы үшін «Вираж» автокөліктерінде барлық жағдай жасалған екен.
Эстафеталық алауды алып жүрушілерден өзге екі апта бойы Алматы қаласында студент-спортшыларды, бапкерлерді, медицина мамандарын Атлеттер қалашығынан, қонақүйлерден спорттық сайыстар өтетін жерге жеткізу де «Вираж» автобустары пайдаланылады. Еліміздің ғана емес, әлемнің әр қиырынан келген бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін жарыс өтетін спорттық кешендерден баспасөз орталығына, Атлеттер ауылына тасымалдау да «Вираж» автохолдингіне тапсырылды. Автохолдинг Алматыда өтетін қысқы Универсиада үшін арнайы жабдықтап, 98 автобус бөлді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей ХХVІІІ қысқы Универсиада ойындарының жоғары деңгейде ұйымдастырылып, әлем тамсанатындай өтуі үшін әркім де өз үлесін қосуы керек.
Нұрдан КӨШІМ
АЛМАТЫ

Балаларға екі данадан артық бермеңіз: мандаринді көп тұтыну қауіпті
Денсаулық • Кеше
Алматыда екі қабатты қоймада өрт шықты
Төтенше жағдай • Кеше
Бүгін «Барыс» елордада «Авангардпен» кездеседі
Спорт • Кеше
Панфиловке баратын жол жаңарды
Инфрақұрылым • Кеше
Жетісуда көл жағалауларын тазалайтын кәсіпорындар құрылады
Экология • Кеше
Әлем балетінің жұлдыздары Қазақстанда
Өнер • Кеше
Алматыда тәртіпті он жүргізуші марапатталды
Заң • Кеше
Асу Алмабаев Дохадағы UFC турнирінде Пересті жеңді
Спорт • Кеше
Мемлекет басшысы Silk Way Star қатысушыларын құттықтады
Президент • 22 Қараша, 2025
Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • 22 Қараша, 2025
Ақтауда 2 000 бала Damu Bala арқылы үйірмелерге бара алмай жүр
Спорт • 22 Қараша, 2025
Ұлттық құраманың футболшысы 27 жасында кәсіби карьерасын аяқтады
Спорт • 22 Қараша, 2025
Абай облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне 10 автомобиль тарту етілді
Шаруашылық • 22 Қараша, 2025
Халықтың ипотекаға сұранысы төмендеді: автонесиеге қызығушылық артты
Қаржы • 22 Қараша, 2025
Шетелде жүрген қазақ ғалымдарының әлеуетін ел игілігіне бағыттаудың жаңа кезеңі басталды
Ғылым • 22 Қараша, 2025
Астанада құрылыс алаңында үш жұмысшы биіктіктен құлап кетті
Төтенше жағдай • 22 Қараша, 2025
Тұмаудың алдын алу үшін қандай жемістерді жиі тұтынған жөн
Денсаулық • 22 Қараша, 2025
Қазақстан алтын сатып алудан әлемде 2-орынға шықты
Экономика • 22 Қараша, 2025
Қостанайда көпқабатты үйде болған өрттен бес адам құтқарылды
Төтенше жағдай • 22 Қараша, 2025
ТЖМ авиациялық паркі кез келген аумаққа қона алатын ұшақпен толықты
Қоғам • 22 Қараша, 2025
Қысқа роликтер ұйқыны бұзады, мазасыздықты арттырады
Технология • 22 Қараша, 2025
Маңғыстау облысында даму, инвестиция салаларында қарқынды ілгерілеу бар
Өндіріс • 22 Қараша, 2025
Қазақстандағы фельдшердің өлімі мен Алғабастағы өрт ДДҰ назарына ілікті
Денсаулық • 22 Қараша, 2025
Атыраудан Миланға алғашқы тікелей рейс ұшты
Туризм • 22 Қараша, 2025
Астанада бірнеше тұрғын үй жарықсыз қалды
Елорда • 22 Қараша, 2025
Ақтау Жаңа жылға дайындалып жатыр: мерекелік безендіруге 80 млн теңге бөлінді
Аймақтар • 22 Қараша, 2025
Іле-Балқаш табиғи резерватында ұсталған көліктен қару мен 13 қоян табылды
Табиғат • 22 Қараша, 2025
«Инвестицияға тапсырыс»: Қазақстан бизнесі мен агросекторы үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады
Үкімет • 22 Қараша, 2025
Silk Way Star халықаралық музыка конкурсының көрермені үшін дауыс беру ережесі жарияланды
Өнер • 22 Қараша, 2025
Таразда бір-ақ күн «жұмыс» істеген ер адам 7 жылға сотталып кетті
Есірткі • 22 Қараша, 2025
Қазақстан Эр-Риядтағы Ислам ынтымақтастығы ойындарында 56 медаль жеңіп алды
Спорт • 22 Қараша, 2025
Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр
Қаржы • 22 Қараша, 2025