13 Ақпан, 2017

Астана хабының қызметі кең ауқым алып келеді

541 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб қатысушы-елдері делегациясы сапары ауқымында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының штаб-пәтерінде Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі мемлекеттік қызмет реформалары қарастырылды. Хабтың басқарушы комитеті төрағасы Әлихан Бәйменов Хабқа қатысушы елдердің мемлекеттік қызметін жетілдіруде ЭЫДҰ-ға мүше елдердің тәжірибесінің маңызын атап өтті.  Ол аймақтағы елдер соңғы он жылдықта мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған реформалар жасағанын айтты. «Бұл реформалардың қарқыны, ауқымы мен тереңдігі мәдени-тарихи, әлеуметтік-экономикалық контекст пен осы елдердің ағымдағы басымдылықтарымен анықталады», – деді Ә. Бәйменов. Семинар барысында Қазақстан, Қырғызстан және Грузияның өкілетті орган өкілдері өз елдеріндегі мемлекеттік қызмет реформаларының негізгі бағыттары жайлы баяндады. Грузияның мемлекеттік қызмет бойынша Бюро Директоры Екатерина Кардава мен Қырғызстан Мемлекеттік кадр қызметі директоры Нурханбек Момуналиев Хабтың ЭЫДҰ елдерімен ынтымақтастықты ілгерілетудегі жетекші рөліне тоқталды. Қатысушылар Қазақстандағы мемлекеттік қызмет кадрларын стратегиялық басқару бойынша ЭЫДҰ шолуының алдын-ала даярланған нәтижелері туралы ой бөлісті. Семинар жұмысына Хабтың қатысушы елдерінің өкілетті органдары, Президент Әкімшілігі, Инвестиция мен даму министрлігі құрылымдық бөлімшілері жетекшілері қатысты. Одан өзге Қазақстанның мемлекеттік органдары өкілдерінің ЭЫДҰ-дағы сәйкесінше бөлімшелерінің жетекшілерімен екі жақты кездесулері өтті. Сонда-ақ, делегация өкілдерінің алқалы жиынында Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың басқарушы комитет төрағасы Әлихан Бәйменовтің ЭЫДҰ мемлекеттік басқару және аумақтық даму мәселелері жөніндегі директоры Рольф Альтермен кездесуі өтті. Шара аясында Рольф Альтер Өңірлік хабпен ынтымақтастықты нығайтудың маңызын атап өтіп, Хаб тұғырнамасы арқылы өз қағидаттары мен стандарттарын тарату бойынша бірлескен шаралар өткізуге даяр екендіктерін мәлімдеді. Ол Хабтың зерттеулер жасау қызметін жоғары бағалап, оның ішінде, кең көлемді сараптама – ғаламдық және аймақтық трендтер шолуын атап өтті. Әлихан Бәйменов өз кезегінде аймақ елдерінде мемлекеттік қызметті дамытуда ЭЫДҰ үлесіне тоқталып, бұған дейін мемлекеттік қызметкерлерге Директоратпен бірге тренинг, семинарлар өткізілгенін айтты. Сонымен бірге ол Хабтың зерттеулері, жарияланымдары және басқа да бастамалары туралы баяндады. Альтер кездесу соңында Хабтың халықаралық және аймақтық әріптестіктерді нығайтудағы рөлін жоғары бағалап, мемлекеттік қызметті жетілдірудегі ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екендігін білдірді. Хабтың қатысушы елдер арасында «теңмен тең» форматында тәжірибе алмасуын дамытуға қосқан үлесі мен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Хабтың практиктер Альянсы жұмысын ЭЫДҰ Тиімді институттар тұғырнамасы Хатшылығы (EIP) жетекшілерінің бірі Лиза Уильямс кездесу кезінде жоғары бағалады. Ол Тиімді институттар тұғырнамасының Хабтың парктиктер Альянсы жұмысы моделін ілгерілетіп, әдеп, мемлекеттік қызметтегі біртұтастық, мемлекеттік сатып алулар мен транспаренттік мәселелер бойынша жаңа Альянс құруға қызығушылық танытып отырғанын  жеткізді. ЭЫДҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы желі жетекшілігі Астана хабына сыбайласқан жемқорлық пен активтерді декларациялау мәселелері бойынша бірлескен іс-шаралар өткізуді ұсынды. Айта кетейік, әлемнің дамыған 35 мемлекетін біріктіретін ЭЫДҰ – мемлекеттік қызмет саласындағы Астана өңірлік хабы құрылтайшыларының бірі және негізгі серіктесі болып табылады. Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, «Егемен Қазақстан»