Елордадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлеуметтік ғылымдар факультетінің базасында «Қаһарман ұрпақ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ардагерлер ұйымдарының өкілдері кездесіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі басымдықтарын талқылады.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында әлемдегі соңғы жаһандық сын-қатерлер ескеріле отырып, еліміздің ұлттық дамуындағы экономикалық және саяси жағдайдағы барлық аспектілер қамтылғаны атап өтілді.
Сонымен қатар, жиында мемлекеттік бағдарламаларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикалық саясатты одан әрі жетілдіру, әлеуметтік әріптестік пен адами капиталдың сапасын жақсарту, еңбек нарықтарын жаңғырту, әрбір сектордың жауапкершілігін арттыру жөніндегі даму бағыттары мен стратегиясы анықталатыны, осы ретте Президент Жолдауы бұрын қабылданып, бүгінде жүзеге асырылып жатқан маңызды стратегиялық құжаттардың, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында қолға алынған шаралардың сәтті жалғасуына тың серпін беретіні айтылды.
Бұдан бөлек, шара барысында сөз сөйлегендер білім беру мәселелері, ардагерлерді әлеуметтік қолдау, жастар және жастарға патриоттық тәрбие беру ісі туралы да әңгіме қозғады.
Кездесуге «Ардагерлер ұйымы» РҚБ орталық кеңесінің, өзге де үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық қорлардың өкілдері, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің профессор-оқытушылары мен студенттері қатысты.
Іс-шара соңында ардагерлер мен студенттер Ауғанстаннан Кеңес Одағы әскерлерінің шығарылғанына 28 жыл толуына орай тақырыптық отырыс өткізіп, Отанға деген сүйіспеншілік, отбасылық құндылық, білім мен тәрбие жөнінде пікір алмасты.
Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»
АСТАНА

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12