Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, былтыр шыбын-шіркейді улау үшін өңірдегі үш қалаға 170 миллион теңге
бөлінген көрінеді. Дәрі-дәрмектің бір литрі былтыр 2232 теңгеге жеткен. Биыл 600 миллион теңгедей бөлініпті.
Өйткені, ЭКСПО көрмесі өтетін 2017 жылдың көктем, жаз айларында өңірде шыбын-шіркейлерді азайтпай болмас. Облыстық әкімдіктегілер «Бұл көрме біздің өңір үшін де өте маңызды. Облысқа туристерді тарту керек және олардың келулеріне шіркейлер бөгет болмауы керек», деп отыр.
Былтыр бәленбай жыл тасымаған Ертіс өзені арнасынан асты. Ал шыбын-шіркей дегеніңіз өзен тасуынан соң, тіпті екі есе қаптады-ай дейсің.
Биолог Қанат Ахметов – маса, шыбын-шіркейдің өсіп-өнуі, табиғатқа, адамға тигізер пайдасы мен зияны жайлы зерттеп жүрген ғалым. Оның айтуынша, бізге шыбын, шіркей, масадан бұрын оянуымыз керек екен. Инелік ұясынан ұшып шыққанға дейін шіркейдің тіптен көбеюі белең алады. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасындағылар биыл шыбын-шіркейді улау жұмыстарына 595 миллион теңге бөлінгенін айтып отыр. 516 миллион теңге биологиялық және химиялық дәрі-дәрмектерді сатып алуға жұмсалатын болса, 69 миллион теңге дезинфекциялау қызметіне және 10 миллион теңге ғылыми тұрғыда қолдау жұмыстарына бағытталады екен. Биыл бұл бағыттағы жұмыстар алдымен Ертіс өзенінің жағалауына, сонымен қатар, өзен бойында орналасқан Ақтоғай, Железин, Ертіс, Қашыр, Лебяжі, Май және Павлодар аудандарының аумағында жүргізіледі. Ал былтырғы облысқа жасалған маса, шыбын-шіркейлердің бет қаратпас «жорығын» естіп, біздің биологтармен бірлесе зерттеу жасап көрген омбылық ғалымдар «Ертіс өзені жағасында қоршаған орта бұзылды ма, талай жылдардан бері құстар азайды, сұр қаздар, қарлығаштар мүлде көрінбейді. Ал бұл құстардың азығы – шыбын-шіркей мен маса. Қалай айтсақ та табиғаттың тепе-теңдігін сақтауды қатаң назарда ұстауымыз керек», деп отыр.
Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан»
Павлодар

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12