Аппақ қардан жасалған мына мүсіндерді ауылдың қарапайым тұрғыны жасады дегенге сенесіз бе? Құдды, кәсіби мүсіншінің қолынан шыққандай. Бұл тамаша туындылардың авторы Нұрлан Манақов Семейден 55 шақырым жердегі, Бородулиха ауданына қарасты Камышенка деген ауылда тұрады.
Бүгінде ауыл жұртының қызыға тамашалап, суретке түсетін сүйікті орнына айналған мүсіндердің жасалу тарихы да қызық.
− Бұл мүсіндерді негізі немереме арнап жасаған едім. Екі жарым жастағы немерем: «Ата, аю жасап берші» деп қиылды бір күні. Немереден неңді аяйсың? «Ойбай-ау, сен үшін бүкіл Алматының зоопаркін көшіріп әкелуге дайынмын ғой, құлыным!» деп үйдің алдына Аяз атасын, аюын, арыстанын, маймылын, әтешін жасап бердім. Қазір ауылдың үлкен-кішісінің бәрі осында келіп фотоға түседі. Қызық нәрсе екен бұл өзі, − дейді алтын қолды азамат.
Ауылдың көркіне айналған қар мүсіндерді көргеннен кейін қызығушылар қатары артып, «бізге де жасап беріңіз» деушілер көбейіп, тапсырыс қарша борапты. Алайда, кезінде спортты, оның ішінде грек-рим күресін жанына серік етіп, бүгінде жеке кәсіпкерлікпен айналысып жүрген кейіпкеріміз бұған уақытының жоқтығын, қардан мүсін жасауға әуестік ретінде қарайтынын айтады. Тарбағатай ауданының тумасы кезінде Ақсуатта тұрған шағында ауыл балаларымен бірге мұз айдынын жасап, қырдың қара домалақтарымен бірге асыр салып, мәз-мәйрам күй кешкен сәттерін де сағынышпен еске алды.
− Сырттан көз салған адамға білінбеуі мүмкін. Бірақ ақ қар, көк мұздан келістіріп мүсін жасау дегеніңіз ғажап нәрсе. Дүниенің барлығын ұмытып, кәдімгідей терлеп-тепшіп, ебіл-дебілің шығып жұмыс істейсің. Бойың жеңілдеп, бір рахаттанып қаласың. Ақындар жалындатып жыр жазып, әншілер әуелете ән шырқап, күйшілер күмбірлете күй шертіп өзінше шер тарқатады. Демалады. Біреулер атқа мініп, тазы жүгіртіп, енді біреулер құс салып тынығады. Әркімнің өзінің әуестігі бар ғой. Бұл да сондай дүние, − дейді Нұрлан Манақов.
Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12