Таяуда «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Коммерцияландыру департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев баспасөз мәслихатын өткізіп, көрме қалашығы аумағында ұйымдастырылған басқосуда ұлттық компания өкілі халықаралық шара барысында қонақтар мен еріктілерді тамақтандыру бойынша жүзеге асырылып жатқан шаруалар туралы хабарлаған еді.
«Астанада ағымдағы жылы өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі – энергияның баламалы түрлерін сынаумен ғана ауқымды емес, сонымен қатар, қазақстандық бизнес үшін де үлкен мүмкіндік. Көрме арқылы елдегі шағын және орта кәсіпкерлікті жандандыра түсу керектігін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы тапсырған болатын. Ал оған әлемнің түкпір-түкпірінен келетін қонақтарға жоғары деңгейде қызмет көрсетіп, ыңғайлы жағдай жасау бізге үлкен жауапкершілік жүктейді», деді Дәулет Еркімбаев. Оның айтуынша, қазіргі уақытта көрме аумағындағы қоғамдық тамақтандыру орындарының 75 пайызы дайын. Олардың иелерін анықтау мақсатында өткен жылдың соңында жарияланған байқау жалғасуда. Кәсіпкерлер конкурс талаптарына сай іріктеледі.
«Қоғамдық тамақтандыру алаңын құру үшін 10 мың шаршы метр жер бөлінді. Онда әртүрлі бағадағы 40 тамақтандыру орны жайғасады. Тек мейрамхана, бар, кофеханалар ғана емес, әр елдің, әр ұлттың асханаларына, кафелеріне арналған алаңқайлар да болады», деді директор.
Брифинг барысында Дәулет Еркімбаев бүгінге дейін көрме қонақтарына қызмет ететін 4,5 мыңнан астам ерікті тіркелгенін жеткізді. «Қазіргі таңда ЭКСПО-2017 шарасының еріктілері саны 4,5 мыңды құрап отыр. Олар үш ауысым бойынша 8 сағаттан жұмыс істейді: күндізгі, кешкі және түнгі. Еріктілердің тамақтануын толық қамтамасыз ететін арнайы 3 асхана әзірленді. Бір асхана – 1,5 мың орындық. Тамақтану қатаң кесте бойынша жүзеге асырылады. Олардың ұйымдастырушылары көрмеге қарай белгілі болады», деді компания өкілі.
Директор еріктілердің арасында жеңілдетілген түрде және өз қаржысына тамақтанатындар болатынын айтты. «Біз оларды әлеуметтік жағдайлары бойынша іріктедік. Белгілі бір топ үшін тамақтану арзан болмақ. Көрме аясында адам басына тамақтану орта есеппен 700-800 теңгені құрайды», деді ол.
Асхат РАЙҚҰЛ, «Егемен Қазақстан»

Салық кодексіне түзетулер: Қаржы секторына қатысты бірқатар ұсыныс қолдау тапты
Үкімет • Бүгін, 19:59
Кітап оқуға құштарлық: Қостанайдағы кітапханашылар әулетінің өнегесі
Аймақтар • Бүгін, 19:33
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Бүгін, 18:53
Аида Балаева Мұхтар Шахановтың неге Арыстан баб кесенесіне жерленбейтінін түсіндірді
Тұлға • Бүгін, 18:24
Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда өтеді
Тұлға • Бүгін, 17:57
Әскери қызметшілердің ақшалай үлесі мен жәрдемақысы: Ережеге қандай өзгерістер енді?
Әскер • Бүгін, 17:55
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Мейірім Нұрсұлтанов уақытша чемпион атағы үшін айқасады
Спорт • Бүгін, 17:33
Астанада бір жылда бейнебақылау камераларының саны екі есеге артты
Елорда • Бүгін, 17:26
Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55
Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 16:46
Ерлан Қошанов ҰҚШҰ Парламент өкілдеріне жаңа Конституцияның негізгі ережелерін таныстырды
Парламент • Бүгін, 16:33
Тері зауыты төңірегіндегі түйткіл
Аймақтар • Бүгін, 16:25
Көші-қон саясаты өзгереді: Олжас Бектенов министрлерге нақты міндеттер жүктеді
Үкімет • Бүгін, 16:05