WBC нұсқасы бойынша Еуразия және WBA NABA тұжырымының чемпионы қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаевтың (9-0, 4 КО) қарсыласы ауысты.
Boxrec.com басылымының мәліметі бойынша Бекман 10 наурыз күні мексикалық Марио Антонио Масиаспен жекпе-жек өткізуі тиіс болатын. Енді ол Мексиканың тағы бір тәжірибелі боксшысы Герман Мераспен күш сынасады. Сегіз раундтық кездесу Тастин қаласында (АҚШ, Калифорния штаты), екінші жартылай жеңіл салмақта өтеді.
"Шынымды айтсам, Герман Мерас жайлы ешнәрсе білмеймін. Бірақ Boxrec сайтындағы статистикасы таң қалдырмай қоймағаны анық. Жасы 30-да екен. Кәсіпқой бокста 99 жекпе-жек өткізіп үлгеріпті. Мен оның жүзінші қарсыласы боламын. Тәжірибесі көп екені айтпаса да белгілі. Ол жайлы мәліметтер жинап, әлсіз және мықты тұстарын толық зерттеп үлгереміз деп ойлаймын", - деді Бекман Сойлыбаев.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы соңғы рет шаршы алаңға өткен жылы шыққан. Содан бері қолынан жарақат алып, рингке шыға алмаған.
Қазіргі уақытта Бекман Сойлыбаев Лос-Анджелес қаласында Wild Card West жаттығу залында америкалық бапкер Эрик Браунмен бірге жаттығу жасап жүр. Отандасымыз кәсіпқой бокста 9 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Оның төртеуін нокаутпен аяқтаған. Алдын ала мәлімет бойынша бұдан кейінгі айқасы осы жылдың сәуір айына жоспарланып отыр.

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше