Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2017 жылғы 3 наурызда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын", - делінген Өкімде.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Конституцияға өзгертулер енгізуге қатысты Жұмыс тобының қорытынды отырысы өткен. Жұмыс тобының қорытынды пакетіне Конституцияға енгізілетін 24 өзгеріс енді.
Президент азаматтардың барлық ұсынысы есепке алынып, назарсыз қалмайтынын айтты. "Ешнәрсе де тұрақтап қалмайды, процесс жүріп жатыр, өмір жалғасады, барлығы даму үстінде. Уақыттың талабымен белгілі бір өзгерістер енгізілетін шығар", - деді Елбасы.
• 01 Наурыз, 2017
3 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше