Бүгін ҚР Ұлттық музейінде «Музей кітапханасына сый тарту» акциясы өтті.
Акция барысында Ұлттық музейдің Ғылыми кітапханасына, тұрақты қолдану үшін, тарих, археология, этнография, мәдениеттану, реставрация, музейтану және басқа бағыттар бойынша кітаптар, мақалалар жинағы, конференция материалдары, монографиялар табыс етілді. Сонымен қатар, акцияға қатысып, музей кітапханасына сый тарту жасаған мекемелер мен жеке азаматтарға музей директорының алғыс хаты тапсырылды.
Салтанатты шарада сөз алған Ұлттық музей директорының орынбасары Жәкен Таймағамбетов: «Бүгінгі акцияға қатысып қолдау білдірген азаматтар мен ұйымдар аз болмады. Атап айтқанда, ҚР Ұлттық кітапханасы, «Фолиант» баспасы, сонымен қатар, Қойшығара Салғараұлы, Ерлан Бәтташұлы, Қаржаубай Сартқожаұлы, Тұрсын Жұртбай, Дархан Қыдырәлі сынды бірқатар зиялы қауым өкілдері атсалысқан болатын» – дей келе, акцияға қатысушыларға алғысын білдірді.
Акцияның мақсаты – халықтың тарихи-мәдени құндылықтарына, соның ішінде жазба жәдігерлерді сақтаудың өзекті мәселелеріне қоғам назарын аудару, музей кітапханасының қорын құнды құжаттармен және басылымдармен толықтыру.
Айта кету керек, «Музей кітапханасына сый тарту» – «Ұлттық музейге сый тарту» акциясының бір тармағы болып есептеледі. Былтыр осы акция барысында кітапхана қорына әртүрлі ұйымдар мен жеке тұлғалалардан 1110 дана кітап сыйға алынған болатын.
• 01 Наурыз, 2017
Ұлттық музейде «Музей кітапханасына сый тарту» акциясы өтті

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше