Алматы қаласындағы Ермек Тұрсыновтың киноклубында Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Кәукеннің жұлдызы» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Деректі фильм Қазақ КСР-нің халық артисі, Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың және Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, КСРО кинематографистер одағының мүшесі, профессор, опера әншісі, театр және кино актері Кәукен Кенжетаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайды. – Кәукен ағамен бес-алты фильмге түстік, талай бірге жүрдік, туған бауырлардай сыйластық. Оның біреуге ренжіп тұрғанын ешқашан көргенім жоқ. Ешқашан біреу туралы жаман сөз айтпайтын жаны таза, жүрегі пәк адам болатын. Осы фильмге Кәукен ағаның шығармаларын оқуға ұсыныс түскен кезде, бірден қуана келістім, – деді актер Нұржұман Ықтымбаев. – Бұл еліміздің мәдениетіне орасан зор үлес қосқан аты аңызға айналған тұлғалардың өмірбаяны туралы жасаған бірінші деректі фильмім емес. Бұған дейін Кәукен Кенжетаевтың бауыры, ұлы режиссер Шәкен Аймановтың шығармашылық жолына арналған деректі фильм түсірген болатынмын. Сондықтан да, осындай біртуар азаматтарды сыйлаған сол дәуірге, сол материалдарға қайта үңіліп, жұмыс істегеніме қуандым. Әсіресе, кейіпкеріміздің туған жері – табиғаты көркем, қазақтың дәстүрі мен тарихына бай Баянауыл өлкесі маған қатты әсер етті. Кәукен ағамыздың ішкі жан дүниесінің қалыптасуына туған жері үлкен әсер етті деп ойлаймын, – деді картинаның режиссері Ғазиз Насыров. Айта кетсек, «Кәукеннің жұлдызы» атты қойылымдық сахналары бар деректі фильм 2016 жылы Кәукен Кенжетаевтың 100 жылдығына арнайы өндіріске жіберілген болатын. Фильм Кәукен Кенжетаевтың туып-өскен жері Павлодар облысы, Баянауыл өлкесінде және Алматы қаласында түсірілді. Кәукен Кенжетаевтың образын жас актер Ержас Рақымбеков сомдап шықты. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан»
Астанада елдің ең үздік медицина қызметкерлері марапатталды
Медицина • Кеше
Жерде магниттік дауыл басталды
Әлем • Кеше
Жоғарғы сотта дөңгелек үстел өтті
Оқиға • Кеше
Мағжан Шамшадин Олимпиада жүлдегерінен басым түсті
Спорт • Кеше
Ақмола облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Оқиға • Кеше
Тактикалық медицинаның мүмкіндігі зор
Медицина • Кеше
Қазақстанның әскери теңізшілері халықаралық курстарға қатысты
Қазақстан • Кеше
Кардиологтар Түркістанда бас қосты
Медицина • Кеше
«Созақ» кен орнында газ өндіру жобасы талқыланды
Үкімет • Кеше
Жас ғалым ми инсультінің алдын алатын әдіс ойлап тапты
Медицина • Кеше
Ұлттық құндылыққа құрылған жазғы демалыс
Білім • Кеше
Ымдау тіліне арналған электронды сөздік әзірленді
Қоғам • Кеше
Президент ExxonMobil корпорациясының басшысын қабылдады
Президент • Кеше
Денсаулық сақтау саласының үздік өкілдері наградталды
Медицина • Кеше
Мароккодан мотоциклмен шыққан саяхатшы Түркістанға жетті
Туризм • Кеше
Францияда Абай Құнанбайұлының мұрасы ұлықталды
Әдебиет • Кеше
Иран Израильге 100-ден астам дрон жіберді
Әлем • Кеше
2024 жылы «Каспий» биржасындағы мәмілелер көлемі $746 млн құрады
Экономика • Кеше
Елімізде 100-ден астам көпірдің цифрлық көшірмесі жасалды
Технология • Кеше
Президент Жарлығымен медицина мамандары наградталды
Президент • Кеше
Мемлекет медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетеді - Президент
Президент • Кеше
Отандық дәрігерлер жыл сайын жүрекке мыңдаған ота жасайды - Тоқаев
Президент • Кеше
Президент медицина қызметкерлерін құттықтады
Президент • Кеше
«Атырау» ФК екі легионермен келісімшартты бұзды
Спорт • Кеше
Елімізде шағын өнеркәсіптік аймақтар іске қосылады
Бизнес • Кеше
Қарағандыда ер адам дәрігерлерге күш көрсеткен
Оқиға • Кеше
Елімізде геологиялық барлау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Қазақстан • Кеше
Ұлытау облысында 32 мың гектар жерге дақыл егілді
Шаруашылық • Кеше
Амангелді Омарбеков қызметінен босатылды
Оқиға • Кеше