Қазақстан Президенті халыққа арнаған Жолдауында Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жүзеге асыру аясындағы негізгі бес басымдықты атап көрсеткен болатын. Мен соның біреуіне тоқталғым келеді.
Н.Назарбаев мырза Қазақстан экономикасын дамыту барысында цифрлы технологияларды енгізуге күш салуды ұсынды. Осы орайда, Сингапур үкіметі де алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды дамыту мен оны қолданысқа енгізуге айрықша назар аударатынын атап өткен жөн. Қазақстан мен Сингапур арасындағы тығыз қарым-қатынастарды, сонымен қатар, бұл елде құрылыс саласының қарқын алғанын ескере отырып, Сингапурдың аса ірі инжинирингтік компаниялары Қазақстан тарапына сингапурлық CORENT жүйесінің (Construction Real Estate Network) үлгісіндегі ақпараттық телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен құрылыс индустриясын жаңғырту мүмкіндігін ұсынуға әзір.
CORENT жүйесі мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыруға, атап айтқанда, қажетті құжаттар тізімі мен оны қабылдау мерзімін қысқартуға, құжаттарды қосарлау рәсімін алып тастауға көмектеседі. Бұл жүйені қолдану Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жүзеге асыруды жеделдетуге ықпалын тигізеді деп санаймын. Осылайша, цифрлы қызметтердің арқасында елдің экономикалық саласын дамытуға қуатты серпін беруге болады.
Томми ЛИМ,
«Pacific Engineering solutions» компаниясының бас директоры (Сингапур)

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше