Орталық поштаның іші жарқырап тұр, жаңартылған, жөндеуден өткен әр кабинада корпоративтік қызмет көрсету секторы да келуші клиенттерімен қызу жұмыс жасауда. Өте тиімді әрі ыңғайлы. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерге арналған бөлім күніне 150-200 адамды қабылдап, пошталық, қаржылық, яғни ақша аудару, ақша айырбастау және газетке жазылу секілді қызмет түрлерін ұсына алады. Сондай-ақ, жақында қызметкерлері облыс орталығындағы балалар үйлеріне барып, олардың өздері қалаған газет-журналдарына жаздырып, түбіртектерін сыйға тартыпты.
Айтпақшы, біздің өңірдегі Ақсу қалалық филиалының пошташысы Айгүл Жүнісова Астанада өткен пошташылар байқауына қатысып, еліміздің «Ең үздік пошташысы» атанып келді. Айгүл 7 жыл бойы қаладағы өзіне бөлінген бөлімше тұрғындарына газет-журналдар, хат-хабар жеткізеді. Байқауда бейнеролик арқылы өз бөлімшесінің қалай қызмет жасайтынын көрсетіп беріпті. Байқауда пошташының қызмет барысында киетін үздік киім үлгісін көрсетіп, қарапайым пошташы Айгүл барлық сауалдарға дұрыс жауап та берген.
– Бізді үйлерінде асыға күтіп отыратын зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар аз емес. Пошташының велосипеді барлығына да тез жетуге асығады. Өзімізге ыстық «Егемен Қазақстан», облыстық «Сарыарқа самалы» газеттері де күнделікті менің сөмкемде, әр үйге уақытында жеткіземін, – дейді Айгүл.
Ал «Қазпошта» АҚ бөлімшелерін жаңғырту жұмыстары біздің облыстан басталыпты. Бұл игілікті іс аудан орталықтары мен ауылдарда да жалғасын табады.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
ПАВЛОДАР

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше