Бірер күн бұрын ғана футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушысы болып тағайындалған Александр Бородюк «Спорт-Экспресс» басылымына сұхбат берді. Жаңа бапкер алдағы жоспары жайлы, ұжымға қандай өзгеріс енгізгісі келетінін мәлімдеді.
«Команданың әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өткізген ойындарының бәрін көрдім. Байқағаным, психологиялық тұрғыдан сенімділік жетіспейді. Жігіттердің бойындағы сенімділіктерін оятып, жеңіске деген құлшыныстарын арттырғым келеді. Бұл олардың қолынан келеді», – деді Александр Бородюк.
«Техникалық тұрғыдан ойыншылардың бәрі жақсы деңгейде. Тек аздап көзқарастарын өзгерту керек. Алаңға қос команда 11 футболшысын шығарады. Физикалық және психологиялық тұрғыдан кім мықты болса, сол ұжым жеңіске жетеді. Мысалға бірер ай бұрын Қазақстан жастары Гранаткин турнирінде екінші орын алғанын айтуға болады», – деді ол.
«Еуропада матчтар кешке таман басталса, Қазақстанда түннің бір уағы болады. Оның үстіне алыс елдерге жол жүретін кездер болады. Міне, осының бәрін алдын ала жоспармен орындау керек», – деді ұлттық құраманың бас бапкері.
«Қазақстанның Азия конфедерациясына көшуі керек пе?» деген сұраққа:
«Ешқашан артқа қадам жасауға болмайды. Еуропаның үздіктерімен күш сынасып, даму керек. Ол үшін жағдайдың бәрі жасалған. Алматыға жақын жерде арнайы базасы бар. Ал еурокубоктарға қатысу арқылы Қазақстан чемпионаты күшейе түседі», – деді ол.
• 02 Наурыз, 2017
Александр Бородюк: Команданың жеңіске деген сенімділігін арттырғым келеді

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше