Бүгін Қазақстан бокс федерациясы атқарушы комитетінің бюро отырысы өтіп, онда қыздар арасында бокстан ел чемпионатын Астанада өткізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ел чемпионатын өткізуге Қызылорда қаласы да үміткер болған. Дегенмен, атқарушы комитет мүшелері бірауыздан елордаға дауыс берген. Осылайша қыздар арасында бокстан Қазақстан чемпионаты 3-9 мамыр аралығында «Дәулет» спорт кешенінде өтпек.
«Токио олимпиадалық циклі басталды. Ал бокстан ерлердің де, қыздардың да құрамасы жаңарып, өткір спорттық бәсеке кезеңін бастан кешіруде. Бапкерлер барлық қыздардың мүмкіншіліктерін бағалап, шын мәнінде әлеуеті зор спортшыларды таңдап алып, алдағы 4 жыл солармен жүмыс істеуі тиіс. Демек, бұл чемпионат команда үшін айқындаушы шара болмақ. Бұған қоса, таяу айдың ішінде Халықаралық олимпиада комитеті Олимпиада ойындарында қыздардың салмақ санатын кеңейту туралы шешім қабылдайды. Қазіргі уақытта бар 51, 60 және 75 келі салмақ санатына тағы 57 және 69 келі салмақ санаттары қосылады. Сондықтан біз бұл санаттағы көшбасшыларды іріктеп алуға тиіспіз», – деді бокстан мемлекеттік жаттықтырушы, ҚБФ-ның елшілік жарыстардың үйлестірушісі Болат Әбдірахманов.
• 02 Наурыз, 2017
Қыздар арасында бокстан Қазақстан чемпионаты Астанада өтеді

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше