Оңтүстік Қазақстан облысындағы округтік сайлау комиссияларында барлық деңгейдегі маслихаттар депутаттығына үміткерлерді тіркеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы ОҚО Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев мәлім етті, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Комиссия төрағасының айтуынша, 2017 жылдың 26 наурызында өтетін сайлауға барлығы 28 үміткер ұсынылып, оның біреуі өз өтінішін кері қайтарып алыпты. Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы түрлі себептермен облыстық маслихатта 3 орын, аудандық маслихатта 1 және қалалық маслихатта 2 орын босаған болатын.
«Екі үміткердің құжаттары толық болмағандықтан тіркеуден өтпеді. Тіркелгендер саны 25-ті құрап отыр. Олардың алтауы «Нұр Отан» партиясынан ұсынылса, басқа партиядан ұсынылған кандидаттар жоқ. 19 үміткер өзін-өзі ұсынды», - деді Әлібек Кәденұлы.
Айта кетейік, сайлау комиссиялары үгіт материалдарының заңнамаға сәйкес орналастырылуын бақылауды жүзеге асыратын болады. Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге үміткердің сенімді өкілдері жұмылдырылады. Сондай-ақ кандидаттар сенім білдірген адамдарды тиісті округте өз қалауы бойынша анықтайды.
Қазақстан Республикасының сайлау туралы Конституциялық заңының 27, 28 - бабының талаптарына сай және облыстық аумақтық сайлау комиссиясының бекітілген негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бойынша үгіт жұмыстары 1 наурызда басталып, 24-наурызда сағат 24:00 аяқталады.
Қазіргі таңда облыстық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау өтетін жерлерде семинар-кеңестер өткізуге кіріскен. Сондай-ақ Шымкент қалалық, Мақтаарал және Сайрам аудандық аумақтық сайлау комиссиялары үгіт-насихат жүргізу бойынша методикалық нұсқаулықтармен толық қамтамасыз етілген. Бұдан бөлек, күнтізбелік жоспарға сай облыстағы қалалар
Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы алдағы сайлау науқанының әділ де, шынайы әрі заң талабына сай өтетіндігін хабарлады. Сондай-ақ ол сайлаушылардың осы науқанға біркісідей атсалысуға шақырды.
• 03 Наурыз, 2017
ОҚО: Мәслихаттағы бос орындарға үміткерлер анықталды

Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге өмір бойы берілетін регрестік төлемдер: Министрлік аралас модельді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00
Кореяда заңды жұмыс істеу: Министр келіссөздердің неге кешеуілдегенін түсіндірді
Еңбек • Бүгін, 15:57
Делиберациялы демократия – дамудың бір даңғылы
Саясат • Бүгін, 15:53
Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 15:33