Хошимин қаласындағы теңіз портына Вьетнам нарығына арналған қазақстандық бидайдың алғашқы партиясы жетті. Аталған пилоттық жеткізілімді «Қазақстан темір жолы» АҚ компаниясының еншілес ұйымы – «KTZ Express» АҚ «Ляньюньган қаласындағы Қытай-Қазақстан халықаралық логистикалық компаниясы» ЖШҚ-мен бірге жүзеге асырды, деп жазады primeminister.kz.
Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігімен қазақстандық астық тиелген кемені теңіз портынан қарсы алудың салтанатты рәсімі ұйымдастырылды. Оған Қазақстан Елшісі Бекетжан Жұмаханов, Vietnam International Container Terminals (VICT) портының бас директоры Глен Кун Вай Кеон, «Ляньюньган қаласындағы Қытай-Қазақстан халықаралық логистикалық компаниясы» ЖШҚ бас директоры Лю Бин, вьетнамдық астық сатып алушы компаниялардың өкілдері, сондай-ақ Қазақстан мен Вьетнамның бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.
Өз сөзінде Б. Жұмаханов соңғы жылы Елшілік «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ компаниясымен бірлесіп, Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» Жолдауында алға қойған көлік-логистика инфрақұрылымы мен халықаралық тасымалдарды дамыту туралы міндеттерін іске асыруға байланысты ауқымды жұмыстар жүргізілгенін айтты. Негізгі міндет тек қана аталған жүкті Вьетнамға дейін жеткізу емес, сонымен қоса Қытай аумағы арқылы Оңтүстік-Шығыс Азияға тауарларды жеткізу бағдарын тексеру болды. Осылайша Қазақстан тек өзінің өнімдерін ғана экспорттап қоймай, сондай-ақ Вьетнамға және Оңтүстік-Шығыс Азияның өзге елдеріне «Қазақстан - Ляньюньган (ҚХР) - Вьетнам» көлік дәлізі арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге мемлекеттердің тауарларын жеткізе алады.
Жиында сөз сөйлеген Ляньюньган қаласының портындағы Қытай-Қазақстан терминалының өкілі Лю Бин қазақстандық бидай Қытай аумағы арқылы алғаш рет Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына жеткізілетінін және бұл Қазақстаннан Қытай арқылы азықтық астықты экспорттайтын транзиттік дәліздің ресми ашылуының белгісі екенін айтты.

Салық кодексіне түзетулер: Қаржы секторына қатысты бірқатар ұсыныс қолдау тапты
Үкімет • Бүгін, 19:59
Кітап оқуға құштарлық: Қостанайдағы кітапханашылар әулетінің өнегесі
Аймақтар • Бүгін, 19:33
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Бүгін, 18:53
Аида Балаева Мұхтар Шахановтың неге Арыстан баб кесенесіне жерленбейтінін түсіндірді
Тұлға • Бүгін, 18:24
Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда өтеді
Тұлға • Бүгін, 17:57
Әскери қызметшілердің ақшалай үлесі мен жәрдемақысы: Ережеге қандай өзгерістер енді?
Әскер • Бүгін, 17:55
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Мейірім Нұрсұлтанов уақытша чемпион атағы үшін айқасады
Спорт • Бүгін, 17:33
Астанада бір жылда бейнебақылау камераларының саны екі есеге артты
Елорда • Бүгін, 17:26
Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55
Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 16:46
Ерлан Қошанов ҰҚШҰ Парламент өкілдеріне жаңа Конституцияның негізгі ережелерін таныстырды
Парламент • Бүгін, 16:33
Тері зауыты төңірегіндегі түйткіл
Аймақтар • Бүгін, 16:25
Көші-қон саясаты өзгереді: Олжас Бектенов министрлерге нақты міндеттер жүктеді
Үкімет • Бүгін, 16:05