09 Наурыз, 2017

Елордада қалалық ахуал орталығы құрылады

306 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Астанада биыл 1 мамырға дейін қалалық ахуал орталығы құрылады. Бұл туралы әкімдікте кеңейтілген жұмыс мәжілісінде белгілі болды. Басты тақырыбы - қаладағы жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, деп хабарлады astana.gov.kz. Шараға ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов, Астана әкімі Әсет Исекешев, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар, барлық ведомстволар, қала әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері, прокуратура, ІІД, ұлттық қауіпсіздік органдарының басшылары қатысты. «Астананың жайлылығы мен қауіпсіздігі» жоспары елорда тұрғындары мен қонақтарының жайлы өмір сүруіне қауіпсіздіктің стандарттарын арттыру үшін әзірленді.  Құжат 172 шара мен екі бөлімді («Қауіпсіздік»  және «Жайлылық») қамтиды. Бірінші бөлімге қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ТЖ жол бермеу, соның салдарына әзірлік, экономикалық қауіпсіздік жатады. Екінші бөлім – сервиске, өмір сапасына қанағаттану, туристік жайлылық. Бүгінде толықтай 19 тармақ орындалды, қалған 99 шара іске асыру сатысында. Тараптар қаладағы бірқатар мәселелерді талқылады. Қала басшысы тиісті министрліктер мен ведомстволар тарапынан шешім қабылдауды қажет ететін әр блок бойынша нақты ұсыныстар енгізді. Әкімнің айтуынша, 2017 жылғы 1 мамырға дейін проблемаларды оңтайландыру және шешу үшін елорданың ІІД бас операциялық орталығының жұмысымен интеграцияланған қалалық ахуал орталығын құрады. Жыл аяғына дейін күллі қала бойынша полиция қызметкерлеріне және қалалық қызметтерге арналған 10 мың камера орнатылады. Шара қорытындысы бойынша тараптар арнайы бірлескен жобалық кеңсе құру туралы уағдаласты. Аталған кеңсе сарапшылардың қатысуымен және жоғарыда аталған мәселелер бойынша халықпен талқылаулар өткізу арқылы тұрақты негізде жұмыс істейтін болады.
Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03