ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қалетаевтың айтуынша, Конституцияға енгізілген өзгерістер бойынша Отанын сатқандар азаматтықтан айырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Астанада өткен баспасөз мәслихатында журналистер осы өзгерістерге қатысты түсініктеме беруді сұрады. Себебі аталған өзгерістерге сәйкес, террористік қылмыстармен қатар елдің аса маңызды мүдделеріне зиян келтіргені үшін азаматтықтан айыру жазасы қарастырылған. Ондай шешім соттың үкімімен шығарылады. Журналистер «елдің аса маңызды мүдделеріне зиян келтіретін» қылмыстардың мағынасын ашып беруді өтінді.
«Мемлекеттік опасыздық, елді сатқаны үшін», - деді сенатор Қалетаев.
Ал осыны кеңірек жазудың қажеттілігіне қатысты ол: «Конституцияда оның бәрін тәптіштеп жазудың қажеті жоқ сияқты. Себебі ондай жаза бәрібір соттың шешімімен шығарылады. Ал нақты жазаға келер болсақ, жаңа ғана айттым ғой, ол - мемлекеттік опасыздық. Бәлкім, мемлекетке ірі көлемде шығын келтіргені үшін... Енді, тағы айтамын, оны сот анықтайды», - деп атап көрсетті.

Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32
Соңғы үш айда құқықбұзушылық саны 15,1 пайызға азайды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:10
Ұлттық кітап күніне орай өңірлерде қандай іс-шаралар өтеді?
Қоғам • Бүгін, 11:58
Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:38
SMS-бластер мен дипфейк: Бас прокуратура 18 жаңа киберқауіпті анықтады
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:22