Келер жылдан бастап елімізде АИ-80 маркалы бензин шығарылмайды, деп хабарлады 24.kz. Қанат Бозымбаевтың айтуынша, биыл екінші жартыжылдықта Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғыртудың бірінші кезеңі аяқталады. Содан кейін елімізде Еуро-4, Еуро-5 стандарттарына сай жанармай мен дизель отыны шығарылатын болады. Ал Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстары жоспар бойынша жыл соңына дейін бітуі тиіс. Сондай-ақ, министр елдегі жанармай бағасы халықтың орташа табысына қаншалықты сай келетіндігі жөнінде пікір білдірді. «Мен халықтың орташа табысы мен бензиннің бағасын салыстырып көрген жоқпын. Бірақ Ресейді алып қарасақ, онда АИ-92 маркалы жанармайдың бағасы 180 теңгеден асады. Әрине, Еуропамен салыстырсаңыздар, баға басқаша болады», – деді Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.
Қоғам • Бүгін, 14:25
Елорда маңында мал ұрлығы оқиғасы әшкереленді
Оқиға • Бүгін, 12:50
Қызылордалықтарға 320 пәтердің кілті табысталды
Аймақтар • Бүгін, 12:45
Ауғанстанда бірқатар әлеуметтік желілерге кіруге шектеу қойылды
Оқиға • Бүгін, 12:40
Қызылордада нан өнімдері кешені іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
10 мың отандасымыз донор болуға келісімін берген
Медицина • Бүгін, 12:25