Аймақтар • 30 Наурыз, 2017

ОҚО-да Жергілікті полиция қызметінің бастығы тағайындалды

480 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Әбдіғани Сейдуалиев тағайындалды, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

ОҚО-да Жергілікті полиция қызметінің бастығы тағайындалды

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясында ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың ұсынысымен, облыстық мәслихат депутаттарының келісімімен және облыс әкімінің өкімімен ОҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымына Әбдіғани Сейдуалиев тағайындалды.

Ә. Сейдуалиев 1973 жылы туылған, білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдаған. Ішкі істер органдарында 1995 жылдан бастап қызмет етіп келеді. 2017 жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі күге дейін ОҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы лауазымында қызмет еткен.

Айта кетейік, Жергілікті полиция қызметі Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Ұлт жоспары - «100 нақты қадам» негізінде құрылған. 

Соңғы жаңалықтар